Рұқсатсыз “Көкпар” ойынын ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды

670



Алматы облысының жолдарында “Көкпар” ойынын ойнағандар жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының полицейлері фото немесе бейнетүсірілімде тіркелген құқық бұзушылық деректерін анықтау және алдын алу үшін әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай бейнелердің бірі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бетінде кеңінен тараған болатын. Бейне түсірілімде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округінің жол бөлігінде 20-25 адамнан тұратын бір топ адам рұқсатсыз “Көкпар” ойынын ұйымдастырған.



Көктебі және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында “Көкпар” ұлттық ойыны өткендігі анықталды. Іс- шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғандығы белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілгендігін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта «Көкпар» ойнын ұйымдастырған 1998,1997,2000,1992 жылғы Алматы облысы Рахат ауылының тұрғындары ұсталды . Олар ҚР Әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінің  434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де азаматтар анықталуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -