Жамбылдық полицейлер жыл басынан бері ұрлық жасағаны үшін 40-тан астам адамды анықтады

487



Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының үнемі назарында.  Қылмыстың осы түрінің алдын алу мақсатында жедел іздестіру топтары құрылды. Шұғыл топтар қоғамдық көліктер мен адамдар шоғырланған орындарда жұмыс істеп жатыр.

Облыс бойынша қаңтар айында 40- тан астам адам бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін ұсталды. Оның ішінде алты адам – ​​мал ұрлағаны үшін және 12 адам – ​​пәтер ұрлығы үшін айыпталып отыр. Күдіктілерге қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Жыл басынан бері 14 қалта ұрысы ұсталып, сот тергеу изоляторына қамалды.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында  11 қаңтарда Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және басқа да заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Атап айтқанда, мал ұрлығы жаңа қылмыс түрі ретінде енгізілді (ҚР ҚК 188-1 бабы).

«Тұрғын үйге, кеңсе немесе өндірістік үй-жайларға, қоймаларға және көлік құралдарына кіруге» байланысты бірнеше рет жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -