Бектас Бекназаров: Мұндай кездесулер азаматтардан ұсыныстар жинау үшін қажет

394



Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Шымкент қаласындағы жұмыс сапары аясында қалалық мәслихат депутаттарымен және жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Жиынға сенаторлар Айгүл Қапбарова, Нұрлан Бекназаров, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев және қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай қатысты.

Депутаттар кездесуде Парламентте қабылданған заңдардың мазмұнына тоқтала келіп, «Педагог мәртебесі туралы» заңның және атаулы әлеуметтік көмектің ерекшеліктерін талқылады.

Алқалы жиында сөз алған Бектас Бекназаров Парламент қабылданған заңдарды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында осы жылдың 5 қаңтарынан бастап өңірлерді аралап, тұрғындармен көптеген кездесулер болғанын атап өтті. Сенатордың айтуынша, кездесулердің басты мақсаты – халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін азаматтардың өзінен ұсыныстар жинау болып отыр.

Сенат депутаттары кездесуде қозғалған өзекті мәселелер мен тиімді ұсыныстар палата отырыстарында сарапқа салынатынын, қажетті жағдайда Үкіметке жолдап, олардың оң шешім табуына ықпал ететіндерін жеткізді.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуы жөнінде хабардар болған депутаттар алдағы уақытта да Шымкент қаласының өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға өз үлестерін қосып, қолдау білдіретіндерін айтты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -