Настройки
Язык
Тема
Обновление

Цифрландыру және ақпаратқа қол жеткізу денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік шиеленісті азайтады – сарапшылар

 «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасын талқылау циклін жалғастыруда. Онлайн форматында «Денсаулық сақтау саласындағы ашықтық: жаңа трендтер ақпарат қолжетімділігіне қалай әсер етеді» атты екінші пікірталас алаңы өтті.

Пікірталас алаңы шеңберінде сарапшылар қолданыстағы денсаулық сақтау саласындағы заңнамадағы ақпаратқа қол жеткізу мәселесін, атап айтқанда, пандемия жағдайында анықталған осал жақтарды талқылады және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «еститін мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде жұмысты жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын берді.

Диалогты аша отырып, алаң модераторы – Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Бәшімов, цифрландыру және пандемия, ақпаратқа қол жетімділік регламентін өзгерту қажеттілігіне итермелегенін атап өтті.

 «ҚР Президенті Әкімшілігінің жанынан құрылған өтініштерді  қарауды бақылау бөлімі өзін өте тиімді көрсетті. Енді адамдар Мемлекет басшысына тікелей жазады. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жанынан ұқсас құрылым құру қажет деп санаймын», – деді Марат Бәшімов

Сонымен қатар, ҮЕҰ «Әлеуметтік және құқықтық зерттеулер орталығының» директоры Айсана Сман, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң 5 жыл бұрын сол уақыттың тенденцияларын ескере отырып қабылданғанын атап өтті. Ал жаңа жағдайда, оның пікірінше, осы Заңмен немесе ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттеуін қажет ететін  мәселелер пайда болды.

 «Бұл сала қажет, себебі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның алтыншы бабында азаматтың денсаулығын сақтауға байланысты ақпаратқа қол жеткізу құқығы шектелмейді деп жазылған. Яғни, заң денсаулық сақтау саласында болып жатқан барлық нәрселерді заңнамамен де, басқа да нормативтік актілермен де шектелмейтінін тікелей айтады», – қосты Айсана Сман.

Сонымен қатар, қатысушы сарапшылар цифрландыру және ақпаратқа қол жеткізу халық арасындағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға бағытталған деген пікір білдірді.

Талқылауға «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев, ҚР Президенті Іс басқармасы ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі Марат Құрманов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері және сарапшылар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, жақын арада Қазақстандық қоғамдық даму институты жер қатынастары, экология, қаржы және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы «ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды талқылау бойынша пікірталас алаңын өткізуді жоспарлап отыр.

ҚҚДИ - қазақстандық қоғамдық даму институты. «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асырудың барлық қатысушыларының тиімді қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін құрылды. Бағдарламаның арнайы жобасына кіретін "Туған жер", "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы", «Латын әліпбиіне көшу», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім» бағдарламалары бар.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -