Сарапшылар қазақстандықтардың болашақтағы бейнесін жасады

1904


2035 жылы Қазақстанның халықаралық аренадағы бейнесі және цифрлық номадтың портреті қандай болмақ? «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен форсайттық зерттеулер жүргізіп, осы сұрақтардың жауабын тапты.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында елімізде тұңғыш рет Форсайт зерттеулер өтіп, Қазақстанның көшбасшы сарапшылары Болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру, Инклюзивті қоғам мен инклюзивті дүниетанымды қалыптастыру және Қазақстанның халықаралық аренадағы орны деген үш тақырыпта өткеннің, бүгіннің және ертеңнің басты трендтерін саралап, аталмыш салалар бойынша 2035 жылға дейінгі портретті талқылаған болатын. 

Жалпы, айта кету керек, зерттеу жұмыстары 9 ай бойы Rapid Foresight (жылдам форсайт) әдістемесі бойынша болашақтағы қазақстандықтың бейнесін жасау және 2035 жылы әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның орнын анықтау мақсатында осы саладағы жергілікті және шетелдік сарапшыларды тарта отырып жүргізілді. Соның нәтижесінде ұсыныстардың барлығы түзіліп, алдағы 15 жылдықтың сценариі жасалды.

Осыған орай «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтында форсайттық зерттеу нәтижелері бойынша онлайн-конференция өтті. Оған Мемлекеттік органдардың, Жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері және Үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары қатысты. 

«Рухани жаңғыру» қазақстандық даму қоғамы институтының Басқарма Төрағасы Данияр Есин атап өткендей, «Еуразиялық кеңістіктегі тұрақты дамуға бағытталған Ұлы дала өркениеті 2035 жылғы Қазақстанның халықаралық аренадағы бейнесі бола алады».

Диалог алаңы аясында конференцияға қатысушылар адамдарға жаһандық ауқымда әсер ететін бірқатар мегатрендтерді талқылады. Ресейлік сарапшы, «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы жетекшісінің орынбасары Евгений Виноградовтың айтуынша алдағы уақытта қоғамдық өзгерістерге тез бейімделе алатын адамдардың дәуірі жүреді.
«Өзгерістер жылдамдығы, жаңа технологиялық шешімдердің пайда болуы, жаһандану кезеңі бүгінде әлемнің жаңа келбетін қалыптастырып жатыр. Яғни, бүгінгі және ертеңгі трендтер  өзгерістерге жылдам бейімделе алатын жаңа типтегі адамдарлы қалыптастырады», – деді Евгений Виноградов.

Сарапшылар болашақ жас қазақстандықтың бірқатар маңызды қасиеттерін атап өтті. Біріншіден, ол кез келген жағдайда өмір сүруді және әрекет етуді біледі, өзін өзгертуге әрдайым дайын. Екіншіден, цифрлық номадтың өз жеке өсу бағдарламасы бар. Әлемнің кез келген трендттерін сіңіруге қабілетті және жаһандық деңгейде ойлай алады. Үшіншіден, жаңа буындағы қазақстандық қызметтің барлық саласында сандық жүйені пайдалана алатын «кибер-«адам». Төртіншіден, болашақта қазақстандық позитивті коммуникация мен психикалық тұрақтылық дағдыларына ие болуы тиіс.

Конференцияға қатысқан Скандинавиялық академиялық мобильділік институтының жетекшісі Элина Ванхемпингтің айтуынша бүгінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін цифрлік жүйе мен онлайн форматтағы жұмыстарды дамыту дамыту қажет. Ал өз кезегінде «BTS Education» ЖШС басшысы Саясат Нұрбек болашақтың өмірін анықтау мақсатында форсайт зерттеулерді тұрақты түрде жүргізіп отырған дұрыс дейді.

«Форсайттық зерттеулерді тұрақты түрде жүргізу отыру қажет. Өйткені олар болашақты анықтауға, жақсы етуге және сол мақсатта жаңа шешімдер табуға мүмкіндік береді», - деді Саясат Нұрбек. 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -