Маңғыстауда учаскелік полиция инспекторы экспедицияға шыққандарға көмек көрсетті

1060

Маңғыстауда учаскелік полиция инспекторы экспедицияға шыққандарға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

2021 жылы 5 шілде күні Түпқараған ауданы Полиция бөлімінің кезекші пультіне қоңырау түсіп, ар жағынан “шөлдеп барамын, көмек керек….” деген дауыс шықты. Анықтап мекен-жайын сұраған кезде, жобамен ғана айтқан болатын. Кезекші бөлім қызметкерлері оның Таушық ауылына қарасты аумақта жүргендігін түсініп, сол ауылдың учаскелік инспекторына тапсырды. Учаскелік полиция инспекторы Ақылбек Әнетов бірден әрекет етіп, қызметтік автокөлігімен іздеуге шықты.
Қоңырау түскен нөмір бойынша хабарласып, ол адамды тапқанша байланыста отырды. Күннің аптап ыстығында маңында ешқандай үй жоқ, айдалада адасып кеткен адамның дауысы телефоннан еміс-еміс шығып, өзінің қайда екендігін нақты айтуға да жағдайы жарамаған. Телефонды қоймастан іздеп келе жатқан Ақылбек, біраз уақыт өткен соң жерде жалаңаш жатқан адамды байқады. Бірден жанына барып тоқтап жуындырып, тиісті мөлшерде суын берді. Осылайша, полиция қызметкерінің қызметіне азамат шексіз алғысын білдіріп, мән-жайды толықтай түсіндіріп берді.

– Біз Ақтау қаласынан достарымызбен тоғыз адам болып шыққанбыз. Шыққандағы мақсатымыз – экспедиция жасап, өңірдегі тарихи орындарды зерттеу болған. Күннің ыстығына шыдамадық суымыз таусылып, әрқайсымыз жан-жаққа бөлініп, содан адасып кеттік. Біреуі жақын маңдағы мал ауылға су алып келемін деп кетті, қалғандарының қайда кеткенінен бейхабармын, – деді
Павел есімді азамат.

Павелдің жағдайы қалыпқа келгеннен кейін, автокөлікке отырғызып, қасындағы мал ауылға аттанды. Өзі шағын ауыл болғасын, екінші адасқан адамды табу оңайға түсті. Ауылдан қосымша суларды бос ыдыстарға толтырып алып, қалған азаматтарды бірге іздеген.

– Барлық бір-бірінен адасқан тоғыз адам да табылды. Ешкімнің денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Көліктер жүретін тас жол бойына барып, жолай автокөліктер тоқтатып, барлығы Ақтауға қарай бағыт алып кетті. Қызмет барысында неше түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Ең бастысы дер кезінде, уақыт жоғалтпай оларға көмекке келу, – деп атап өтті Таушық ауылының учаскелік полиция иснпекторы Ақылбек Әнетов.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -