Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды

1729

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: шешу жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Басқосуға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Жұлдыз Есімова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар ғылыми-зерттеу институтының директоры Қарлығаш Үсейінова және университеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Семинар спикері Қ.Токушев сыбайлас жемқорлыққа байланысты білім саласындағы құқық бұзушылық статистикасымен таныстырып, ҚР Әкімшілік Кодексіне енгізілген соңғы толықтырулар мен өзгерістерден хабардар етті. Жемқорлықтың алдын алу шараларын өз дәрежесінде жүргізбеген үшін жауапкершіліктің артқанын жеткізді. Сол себептен тәуекелдерді толыққанды анықтауға, шешімдерді қабылдаған кезде ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау құралдарының барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға, ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз етуге бағытталған стандартты және халықаралық ISO 37001 стандартын енгізуге шақырды. Аталған мәселелер бойынша университет қызметін талдап, нақты ұсыныстар енгізді.

Қатысушылар өз кезегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіздік алаңын қалыптастыруды жан-жақты қолдайтындарын білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мемлекеттік институттардың жұмыстарымен және заңдармен ғана емес, әр азаматтың осы індетті төзімсіз әлеуметтік көрініс ретінде қабылдауымен де табысты болатыны айтылды.

Сондай-ақ семинарда көпшілікті мазалаған көптеген сұрақтарға жауап берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -