Әскери кафедраға ең мықтылар қабылданады

3524

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтауға қажетті мамандар резервін сапалы қалыптастыру мақсатында запастағы офицерлер мен сержанттарды оқыту үшін студенттерді қабылдау жүргізілуде, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іріктеуді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының басшысы тағайындаған арнайы комиссия жүзеге асырады. Құрамына Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы,әділет капитаны Р.Саурық, Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы кадр жұмысы бөлімінің аға офицері, подполковник А.Меңдібаев, сонымен қатар университет қызметкерлері кірген бұл комиссия әскери кафедрада дайындықтан өтуге лайықты студенттерді конкурстық негізде анықтайды. Оныңбарлық кезеңдері, атап айтсақ: психологиялық тестілеу, студенттердің дене даярлығын тексеру іріктеу комиссиясының  жіті назарында. Бұл реттеҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидалары басшылыққа алынады.


Үміткерлер 10 күн бойы кәсіби-психологиялық тестілеуден өтіп, рейтингтік балл мен денешынықтыру дайындығына байланысты сынаққа түседі.

Студенттерді іріктеу жөніндегі іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жүргізілуде. Әскери кафедраға кіру «Ashyq» қосымшасы, дезинфекциялық дәліз, температура өлшегіш және қажетті дезинфекциялық құралдар арқылы жүзеге асырылады

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -