Нур-Султан

+18

Алматы

+25

SSE 3477.22

FTSE 100 7123.87

Dow Jones 34792.68

KASE 3 078,44

Brent 70.22

WTI 68.15

Золото 24 655.13

PTC 1 640.30

USD 424.02

RUB 5.82

EUR 502.76

CNY 65.62

Г. Алдамбергенова: Педагогикалық практика – болашақ маманның біліктілігін шыңдайды

19 февраля 2020, 13:35732



Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова педагогикалық практикадан өтіп жатқан 3 және 4 курс студенттерімен кездесіп, тәжірибе базаларында болды. 

Сапар аясында оқу орнының басшысы №124 жалпы білім беретін мектеп пен №147 гимназияның директорларымен өзара келіссөз жүргізді. Білім ұясының жетекшілері өз кезегінде болашақ педагог мамандар үшін практиканың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, олар бұл тарапта жасалып жатқан жұмыстар жайында әңгімелеп, студенттермен тұрақты түрде сұхбат жүргізетінін атап өтті.

– Педагогикалық практиканың негізгі міндеті – болашақ мұғалім мамандарын өз саласын терең меңгертуге ықпал ету. Сіздер тәжірибе барысында оқушы мен ұстаз арасындағы байланысты жете сезіне білулеріңіз керек. Сондай-ақ практика мектепте жүру мәдениеті мен оқушымен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін үйретеді,  – деді Гаухар Алдамбергенова студенттермен кездесуде.


Айта кетейік, бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білімгерлері педагогикалық практикадан Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы мектептерде өтуде.

Бұл бастама оқу орны мен аталған өңірлердегі білім бөлімдерінің арасында жасалған өзара келісім бойынша жүзеге асырылып отыр. Қазіргі таңда Қыздар университетінде 3 курста білім алатын 687 студент облыстағы 71 білім ұясында тәжірибеден өтуде. Атап айтқанда, 242 студент Қарасай, 248 студент Талғар және 150 студент Іле аудандарында 20 қаңтар мен 22 ақпан аралығында теориялық білімдерін практика жүзінде шыңдауға мүмкіндік алмақ. 

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен мансап бөлімінің жетекшісі Әсел Алшынованың айтуынша, практикадан өткен студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады.

2006 - 2021 © Ваша почта. 16+