Настройки
Язык
Тема
Обновление

Қазақстандықтардың 73%-ы отбасын өмірдің мәні ретінде көреді



15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні. Осыған байланысты Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани жаңғыру»  отбасы институтын зерттеу орталығы 2020 жылдың ақпан-наурыз айларындағы «Қазақстандық көп балалы отбасылардың жағдайын және дамуын зерттеу (төрт және одан көп бала)» деп аталатын зерттеу деректерін жария етті.

«Сіз үшін отбасы нені білдіреді?» деген сұраққа, сұралған қазақстандықтардың жалпы санының 73,1% отбасын өмірдің мәні ретінде санайтынын жауап берді. Сондай-ақ танымал жауаптар: 39% –«әулеттің ертеңі», 29% – «бақыт пен махаббат», 16,9% –«жауапкершілік пен міндеттемелер», 7,9% – «қоғамның негізі» және 1,6% – «жалғыздықтан құтқару» деп жауап берді.

Бұл ретте, гендерлік пікір тұрғысы былай құрылған: әйелдердің 75,1%-ы және ерлердің 51,3%-ы отбасын әулеттің ертеңі деп санайды. 

«Ата-аналардың 69,3%-ы «олар көп балалы болғысы келді ме?» деген сұраққа, «Ия, мен әрқашан көп балалы болғым келді» деп жауап берді. Сұралған мыңдаған респонденттердің 65,2%-ы төрт баланы тәрбиелеуде, 34,8% – бес және одан да көп баланы тәрбиелеуде», - деп атап өтті отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Жұлдыз Батталова.

Сауалнаманың мәліметтері бойынша, отбасылық жұптардың көпшілігі (78,9%) өздерінің отбасылық қарым-қатынастарын «өте жақсы, біз бір-бірімізді сүйеміз және құрметтейміз» деп бағалады.

Зерттеу сондай-ақ, көптеген адамдардың пікірінше, отбасылық қатынастарды нығайтатын маңызды сапа махаббаттан гөрі құрмет екенін көрсетті. Сұралғандардың 68,2 % осылай санайды. Сондай-ақ, отбасылық респонденттер арасында 90,2%-ы өміріне  риза екендігін атап өтті, бұл ретте, ажырасқан адамдардың арасыда өміріне ризалығын - 73,9% атап өтті.

«70,4% балаларды тәрбиелеуде күш қолдануға теріс қарайды, бұл орынды емес және дұрыс емес деп санайды. Қазақстандық ата-аналар өзара түсіністік, құрмет, махаббат сияқты эмоционалдық факторларға көңіл бөледі», - деді Жұлдыз Батталова.

Айта кету керек, бұл зерттеу Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша осы мәселеге мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар үшін ұсынымдар әзірленетін болады.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -