Қолжетімді ақпарат - ашықтық көрсеткіші

919

ШҚО жергілікті бюджеттердің ашықтығы бойынша көшбасшы болып табылады.

Агенттік KazKenes алаңында бюджеттік ақпараттың ашықтығы мәселелері бойынша онлайн мәжіліс өткізді.

Іс-шараға облыстар, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, қаржы вице – министрі, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары, Қазақстанның Ұлттық бюджет желісінің сарапшылары, Арнайы мониторингтік топ мүшелері және «Адалдық алаңы» жобасының  өкілдері қатысты (жалпы саны 200 адамды құрады).

Онлайн мәжіліс барысында «2019 жылғы Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексін» анықтауға бағытталған сарапшыларының зерттеу нәтижелері таныстырылды.

Зерттеу қорытындысы соңғы екі жылда өңірлер бюджеттерінің ашықтық деңгейі айтарлықтай төмендегенін көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысы жергілікті бюджеттердің ашықтығы бойынша көшбасшы болып табылады, ал бюджеттік ақпараттың аздығы Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында жарияланды.

Қаржы вице-министрі Руслан Сәтбекұлы Еңсебаев өз сөзінде «Ашық бюджеттер» интернет-порталы арқылы бюджеттік үдерістерді автоматтандыру жолымен бюджеттің ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша ЖАО сараптамалық қоғамдастығы азаматтық қоғамның зерделеуі мен талқылауына ұшырауы тиіс бюджеттік ақпаратты ашуға көбірек назар аударуды ұсынды.

Тараптар бюджеттердің ашықтық индексін қалыптастыруда көрсеткіштерді жақсарту бойынша одан әрі бірлесе жұмыс атқаратындығы туралы уағдаласып тарасты.

Зерттеудің толық есебімен www.budget.kz және www.integrityastana.kz ресми сайттарында танысуға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -