CEENQA-2023: Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық және білім беруді дамыту

5975
Фото: Gov

Астанада CEENQA (Орталық және Шығыс Еуропадағы жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің желісі) Бас Ассамблеясы өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

CEENQA-2023 Бас ассамблеясын өткізудің негізгі мақсаты – жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды мәселелерін талқылау, сыртқы бағалау бойынша кәсіби қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін білім беру жүйелерін трансформациялау саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу.

Саясат Нұрбек өз сөзінде қазақстандық білім мен ғылымның алдында ауқымды, шұғыл міндет тұрғанын – жаңа үрдістерге ілесіп қана қоймай, бір қадам алда болу, трендтер қалыптастыру керек екенін айтты.

 «Білім беру жүйесін дамытудың жаңа серпіні халықаралық тәжірибе мен әлемдік стандарттарды кеңінен қолдану негізінде білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда аккредиттеу білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды тетігі, білім беру бағдарламаларын жаңартудың және түлектердің қоғамдағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты катализаторы болып табылады» Саясат Нұрбек

Іс-шара 3 маусымға дейін жалғасады, оның аясында семинар, workshop, презентациялар және панельдік пікірталастар өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -