Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы екінші питчинг нәтижелері бойынша миллиард теңгеге жуық қаржы алады

1061



Сәрсенбі күні, 3 маусымда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы екінші питчингінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржыландыруды алған картиналар тізімі белгілі болды.

Ең ірі бенефициар жалпы сомасы миллиард теңгеге жуық он үш жобаға қолдау алған «Қазақфильм» киностудиясы болды. Сараптамалық кеңес және Ведомствоаралық комиссия мәжілістерінің қорытындылары бойынша қаржыландыруға мақұлдауды келесі жобалар алды: «Серикбол Кондыбай: воин духа», «Природа Казахстана: Устюртский заповедник», «Касым Джакибаев», «Олиара», «Алтын Адам», «Таутай-лақ », «Горячее озеро», «Самый долгий день лета», «Көше ақыны», «Рух», «Граната», «Возвращение моря» және «Номады XXI века».

Екінші питчинг нәтижелері бойынша қаржыландыруды алатын қалған 29 жоба жеке студиялардың күшімен түсірілетін болады. Оларды жүзеге асыру үшін бес миллиардқа теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Екінші питчингтің нәтижелері бойынша «ҰКҚМО» КЕАҚ киножобалардың бұрын-соңды болмаған санына бір мезетте қолдау көрсетті – қаржыландырылуды өтінген 223 сұранымның ішінен 42 картина қаржыландыру алады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -