Қазақстанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай балалар суреттері салынған иллюстрациялық кітап шығады

7282



Ең үздік суреттер Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қара сөздер» кітабының иллюстрацияланған басылымында жарияланады.

Қазақстанда қазақ халқының ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған балалар суреті байқауының қорытындысы шығарылды. Конкурстың бастамашылары ретінде "BAURZHAN foundation" Жеке қоры мен "Балалар әлемді бейнелейді" Қоғамдық Қоры "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірле отыра шықты. 

Ақынның мерейтойы қарсаңында бүкіл ел бойынша қазақстандықтарды ұлы ойшылдың еңбектерімен және өмірбаянымен таныстыратын шығармашылық бастамалар өтіп жатыр. "Қара сөздер" суреттер байқауы да ол тізімнен тыс қалмады, ол жас қазақстандықтардың жан-жақты шығармашылық қызметін ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар дарынды жастарға өз әлеуетін бүкіл елге көрсетуге мүмкіндік берді. Ол Абай Құнанбаевтың 45 өсиет әңгімесі мен философиялық трактаттарынан тұратын "Абайдың қара сөздері" прозалық поэмасына негізделген. Дәл осы әңгімелер балалардың шығармашылық жұмысының тірегі мен негізгі идеясы болды.

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди сидят и в помещении

Байқауға барлығы бүкіл Қазақстаннан  жас суретшілерден иллюстрациямен 300-ге жуық өтінім келіп түсті.  Абайдың қара сөзін түсіну және суретке түсіре алу қабілеті – жеңімпаздарды таңдаудың негізгі өлшемі болды. Нәтижесінде кәсіби суретшілерден тұратын сарапшылар қазылар алқасы: иллюстратор және жазушы Асылгүл Байдаралина, шыны, керамика және акварельді кескіндеме шебері Мерей Ибрагимов, суретші-график Мұрат Ділманов, ҚҚ "Балалар әлемді бейнелейді" директоры Мөлдір Бекжан және BAURZHAN қорының жоба-менеджері Саида Ибрагимова үздік 45 жұмысты іріктеп алды. 

Байқаудың басты ерекшелігі – жеңімпаздардың жұмыстары тұсаукесері осы жаздың соңына жоспарлан "Абайдың қара сөздері" атты жаңа мерейтойлық кітап басылымында суреттеледі. Барлық кітаптар Қазақстан бойынша барлық кітапханаларға таратылады және еркін қолжетімді болады. 

Нет описания фото.

Тараз қаласының тұрғыны 16 жасар Ангелина Григоревская "Абайдың Қара сөздері" олардың өзекті екендігімен және уақыттан тәуелсіз екендігімен бірегей екеніне сенімді. Ол байқауға өзінің үш жұмысын  ұсынды.

Ангелина Григоревская:

Абай адамның әрбір еңбегі бағалы екендігін және оны келеке етуге болмайтындығын үйреткен. Ол сондай-ақ материалды байлыққа қарағанда рухани және адамгершілік байлықтың маңыздылығы туралы, адам материалды құндылықтар мен артық болу ниетінің соңында жиі маңызды нәрселерді ұмытатындығы жөнінде айтты. 

Жобаның ұйымдастырушылары осы бастаманың арқасында Абай мерейтойын атап өту жылы Қазақстан жастарында белгілі ақынның еңбектерімен танысуға және қазақ және орыс тілдерінде "Абайдың қара сөздері" атты суретті кітап жасауға өз үлесін қосуға тағы бір мүмкіндік алғандығына сенімді. 

"Абайдың Қара сөздері" байқауының негізгі мақсаты – бұл, әрине, Абай Құнанбаев айтқан және жазған құндылықтарының арқасында өскелең ұрпаққа өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесу. Біз жаңа суретті кітап қазіргі жастар шығармашылығы мен үлкендердің даналығының символына айналатынына сенімдіміз, - деп атап өтті BAURZHAN Қоры жобасының менеджері Саида Ибрагимова.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -