Көлік полициясы еріктілермен күш біріктірді

15235



Көлік полицейлері еріктілермен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан 1 темір жол вокзалында және жолаушылар поездарында 500 бетперде таратты.

«2020 еріктілер жылы» еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында Көліктегі полиция департаменті «Менеджмент және бизнес» колледжі еріктілерінің қатысуымен «Патруль-ерікті» бірлескен іс-шарасын өткізді.

«Іс-шара #birgemiz акциясын қолдау мақсатында коронавирус инфекциясы мен салауатты өмір салтын насихаттау үшін жолаушылар поездары мен темір жол вокзалдарына келушілердің арасында, сондай-ақ карантинге байланысты енгізілген шектеулерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін және бетпердені тек үй-жайларда ғана емес көшеде де міндетті түрде кию туралы ескерту», - деді Департамент бастығының орынбасары Абзал Жұматаев.      

Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде карантиндік іс-шаралар жүргізілуде. Сондықтан, адамдар көп жиналатын әуе және темір жол объектілерінде де санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау өте маңызды.

Оның айтуынша, көлік полицейлері өздерінің негізгі міндеттеріне қоса азаматтардың денсаулығына қамқорлық көрсетуде, оған осы өткізіп жатқан іс-шаралар дәлел.

Нұр-Сұлтан 1 станциясында А. Жұматаев жеке құраммен және еріктілермен кездесіп, қызметтік жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Бұдан соң «Қарағанды-Қостанай», «Жезқазған-Нұр-Сұлтан», «Алматы-Қостанай» және «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағыттарындағы жолаушылар поездарының келіп-кетуі кезінде жолаушыларға қорғаныс бетперделері мен профилактикалық сипаттағы жаднамамаларды таратылды.

Еріктілер Департаментпен ұйымдастырылып өткізілетін акцияларға ұдайы қатысып отыратындықтарын айтты. Олар осы жұмысты ерікті түрде жасап, қоғамға қол-ұшын беруді  әр адамның парызы деп біледі.   

На изображении может находиться: 1 человек, стоит, ребенок и на улице, текст «налдар книгигазеты журналы 100T1»

Азаматтар өз кезегінде, тәртіп сақшыларының атына алғыстарын білдірді. Олар осындай алмағайып кезеңде ерекше көңіл бөліп тегін бетперде таратқан полицейлердің қамқорлықтарын жоғары бағалап, олардың қиын да жауапты қызметтеріне алғыс айтып, табыстар тіледі.   

Шара барысында, азаматтардың көпшілігі қорғаныс бетперделерін тағуға аса жауапкершікпен қарайтындықтарын көрсетті.

«Акция кезінде көлік полицейлері жолаушыларға 500 медициналық қорғаныс бетперделерін таратты. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады», –делі полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, көлік полициясы қызметкерлерімен осындай акцциялар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады, мәселен, ағымдағы жылғы тамыз айының аяғында Нұр-Сұлтан станциясында еріктілермен бірлесе отырып, 1500 бетперде таратылған болатын. Бүгінгі күнге дейін полицейлермен 2000-ға жуық медициналық бетперде таратылды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -