Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында көлік құралдарын техникалық байқау бекеттерінде, ТҚС және автобөлшектерді сату объектілерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Автоәуесқойларға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы және автокөлікте өрт болған жағдайда не істеу керектігін еске салды.

Құтқарушылар түсіндіргендей, өрттің негізгі себебі - автокөліктердің техникалық пайдалануына және уақтылы диагностикасына ерекше назар аудармай, автокөлік иелерінің өз көлік құралына немқұрайлы қарауы.

«Сондықтан автокөлік иелері мен көлік кәсіпорындарының жүргізушілеріне барлық электр жабдықтарының жарамдылығын мұқият бақылауды тағы да еске саламыз: капоттың астын жиі қарау, герметикалығын, сондай-ақ қозғалтқыштың отын құралының жарамдылығын тексеру. Егер газ отын ретінде пайдаланылса, онда газ жабдықтарын үнемі тексеріп отыру керек. Әрқашан машинаның ішінде жарамды өрт сөндіргіш болу керек», - дейді мамандар.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті автокөлік иелеріне автокөлікте өрт болған жағдайда не істеу керектігін ескертті.
«Егер сіз бензиннің, жанып жатқан оқшаулаудың иісін сезсеңіз, капот астынан түтін көрсеңіз, автокөлікті дереу тоқтатыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз, бар болса жолаушыларды шығарыңыз, капот астындағы кеңістікке ауа кірмес үшін оны толық ашпау керек, қозғалтқыш бөлігін сөндіру қозғалтқыш бөлігінің астынан, сондай-ақ сәл ашылған капот астындағы кеңістіктен жүргізіледі», - дейді құтқарушылар.
Сондай-ақ дереу «101» нөміріне қоңырау шалу керек.
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін қолда бар өрт сөндіргіш құралдармен немесе тығыз матамен өртті сөндіруге тырысыңыз. Машинаның астына төгілген отынды сөндіріңіз - өрт сөндіргішті қолданыңыз, шетінен ошақтың ортасына қарай көбік немесе ұнтақ беріңіз. Қозғалтқышты сумен сөндіруге болмайды! Су электр сымдарының қысқа тұйықталуын немесе жанып жатқан бензиннің таралуын тудыруы мүмкін», - деп түсіндірді мамандар.
Құтқарушылар атап өткендей, бұл ұсыныстар, сондай-ақ уақтылы және сапалы техникалық тексеруден өту өзін және жолаушыларды автомобильдегі өрттен қорғау үшін жеткілікті.
Үстіміздегі жылдың тоғыз айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көлік құралдарының 89 жану жағдайы тіркелді. Оның ішінде 73 жеңіл, 13 жүк және 3 қоғамдық көлік. Олардың шығыны 6 млн теңгеден асты.