Абай мұрасы – қазақтың алтын қазынасы

32461

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды, іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі комиссия құрылды, мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар  жоспары бекітілді.

Абай Құнанбайұлы - ұлы ақын, қоғам қайраткері, ағартушы, аудармашы, философ, ойшыл-ғұлама, қазақтың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, әрі композитор болғаны бәрімізге аян. Ол - тарихта өшпес із қалдырған дара да, дана тұлға.  Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі күнде де өз құндылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Оларды біз қашанда рухани қазына ете аламыз. Елбасымыз: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен бірге мәңгі-бақи жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», деген өнегелі сөзі бар. Демек, Абай шығармалары біз мәңгі сусындайтын сарқылмас бұлақ іспеттес.

Өмірімізде үлгі болатын Абай қозғаған тақырыптардың бізге қаншалықты құнды екеніне мән беру, ұғыну, оны өмір өзектерімен ұштастырып, үйлестіре білу - біздің маңызды қадамдарымыз бен қарекетіміздің бірі.

Осы тұрғыда еліміздің түкпір-түкпірінде ұлы Абайдың құрметіне түрлі іс-шаралар өткізілуде: Алматыда, Кентауда Абайға ескерткіш қойылды, Өскеменде Абайтану институты ашылды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Талдықорған, Ақтөбе, Аягөз, Үшарал қалаларында Абай суреті бейнеленген мурал салынды.

Сонымен қатар еліміздің қалаларында Абай күні тойланып, спектакльдер қойылды.

Ал шетелдерге келсек, мысалы Америкалықтар Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды, Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды, Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды, тағы да ұлы ақынның мерейтойы Мәскеуде аталып өтті, Стамбұлда үлкен көше аты берілді, Түркияда Абайдың құрметіне саябақ ашылды.

М. Әуезов Абайды «Қазақ поэзиясының асқар биігі» деп атаған. Абай поэзиясы қазақтың көркем әдебиетін, әдеби тілін дамытып, қалыптастырды. Қазақ елінің сауатты, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалады. Өзінің қара сөздері арқылы тілді, өнерді үйренуге, еңбек етуге үндеді, қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат болуға шақырды, мысал келтіре отырып, тұжырым жасады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау барысында Абай Құнанбаевтың мерей тойына орай «Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының мақтанышы» тақырыбында Департамент қызметкерлері арасында диктант жазды. Диктант жазуға Департаменттегі 65 қызметкер және 11 жұмыскердің                   70%-ы қатысты. Нәтижесі бойынша: 27- «өте жақсы», 18- «жақсы» деген көрсеткішпен өте жақсы сауаттылық көрсеткен қызметкерлер болды.

Сонымен қатар, Қазақстан халқының тілдер күніне байланысты, Департаменттің қызметкерлері (жұмыскерлері) арасында Абай әндеріне арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты Абайдың мерейтойына арналған сайыс өткізілді. Департамент қызметкерлері арасында екі топқа бөлінген командалар құрылып, байқау шарты бойынша екі кезең бойынша тапсырма орындады:

1-ші кезеңде Абай шығармаларынан қойылым көрсету;

2-ші кезеңде вокалдық топпен Абай әндерін орындау.

Байқау нәтижелері бойынша әділ қазылар алқасы екі топтың да жұмыстары тең дәрежеде деген шешімге келді. Сайыс қорытындысы бойынша команда мүшелері алғыс хаттармен марапатталды. Шараның соңында жүргізушінің бастамасымен Департамент қызметкерлері Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындады.

Жалпы Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибраттары мен өнегелері тек қазақ халқына ғана емес, әлемге үлгі.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -