Көрермен театрмен кездесті!

9361


Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театры өзінің жаңа театралдық маусымын ашты. 17 және 18 қазанда Абай атындағы театрдың режиссері Айдын Салбанның қоюымен "Абайдың нақыл сөздері" музыкалық-поэтикалық қойылымының премьерасы толық сатылымда көрсетілді. Онда бүкіл труппа бос болмады, ал оның үлгісі - қазіргі театрға деген құрмет, онда тек сөздер ғана емес, дауыс, жарық және актерлардың ойнауы маңызды. Қойылым семейліктермен және қала қонақтарына деген ұлы жерлесіміздің 175 жылдығына арнаған тартуы.


 

- Бұл, Абайдың даналығына, данышпандығына деген қазіргі ұрпақтың көзқарасы. Көрермен, театрға келіп біздің ұлы ойшылымыздың идеяларының өзектілігіне тағыда бір рет көздерін жеткізді. Қазір, әлемде біздің айналамызда болып жатқан: соғыс және бейбітшілік, қуаныш пен қайшғы, адамды сүю және жек көру - осының бәрі Абайдың шығармадарында сезінген, сипатталған. Абай қазіргі уақытта, ХХІ ғасырда да бүкіл әлемге қызығушылық туғызуда, оның айтары көп - деп жаңа премьера тақырыбын таңдап алуды орыс драмтеатрының директоры Яков Горельников түсіндіріп өтті.


Айдын Салбан әріптестерінің шақыруын ықыласпен қабылдады.
 

- Менің көзқарасымда, Абай өз шығармаларында үнемі адамның адам болып қалуына көмектесетін қасиеттер жайлы айтқан. Бұлар - ақыл, ерік-жігер, жүрек. Осы үш зат адамды өмір бақ жетелейді. Жақсылыққа сенгім келеді! Біздің спектакльде біз жалпы адамзат тақырыбында айтамыз. Біздің далада ғана емес, бүкіл әлемде - қайда ақыл, ерік-жігер және жүрек бірге болмаса, ол жерде үлкен проблемалар: катаклизмалар, соғыстар, қақтығыстар - деп ойлайды режиссер.


Мельпомен ғибадатханасына келушілерге бірінші келулері тосын экскурсияға ұқсады, күрделі жөндеуден кейін театр ғимараты өте қатты өзгерді, бұл жерде жаңа жарық және дыбыстық аппаратура орналастырылды, ішкі көрінісі өзгерді.



Әртістер карантинде жеке дайындалып, кездесулерді онлайн жүргізді. Ал соңғы айда театрда оффлайн жүргізді. Әлемде жалғасудағы пандемияға және карантинге байланысты барлық санитариялық талаптар сақталды, залдағы көрермендер саны 50-ден аспады. Театр көрермендері ең бастысы қойылым өткізу мүмкіндігінің болуына, ал көрермен санының аз болуына реніштерін білдіруде.

- Мен өзімді, осы 50 бақытты адамдардың арасында болғаныма бақытты сезінемін. Мен театрды, оның сиқыры мен ауасын ессіз сағындым! Актерде, бақылаушыда, гардероб қызметшісі де көрермендерді сағынғаны былайда байқалады. Мен олардың әрқайсысынан сезіндім. Еңбектерінің үшін Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін! - деп бөлісті көрермен Галина.




Семейде орыс драмасының 23-24 қазан аралығына белгіленген - Борис Васильевтің повесті бойынша "А завтра была война" премьерасына қазірдің өзінде билеттер сатылып кетті. Режиссер көрерменмен таныс, ол өзіміздің жерлесіміз, қазіргі петербургтік Рача Махатаев.

- Мен бірден айтамын, спектакль күтпеген, мүлде жаңа әрі тың шықты. Бұл Рачаның өзіне бқрын қатысып көрмеген жаңа үлгідегі байқап көру. Қойылым көрермендердің жүрегінде әсер қалдырады деп ойлаймын - деп бөлісті Яков Вениаминович.


"А завтра была война" повесті соғыс туралы емес, жастық, қыздар мен ұлдар туралы. Баланың шешімі емес шешімдер қабылдаған және ересектердің іс-әрекетін жасаған жасөспірімдер туралы. Бұл есею және адамгершілік таңдау, адал достық және алғашқы махаббат туралы тарих.



Ұлы Отан соғысы және 40 жылдардағы ұрпақ тағдыры тақырыбы талантты жас режиссер Рачи Махатаевтың ("Ревизор", "Сиротливый Запад") қойылымында қызықты қайта қаралды, ол повестті өзекті қылып қазіргі Z ұрпағына жақындатты.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -