Міндетті сақтандыру: қаржы реттеушісінің статистикасы

76076

Қазіргі әлемде сақтандыру жалпы экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, кәсіпкерлік қызметті дамытуды, сондай-ақ түрлі тәуекелдерден тиімді қорғауды қамтамасыз ететін маңызды және қажетті құрал болып табылады. Сақтандыру микродеңгейде сақтандыру жағдайының басталу тәуекелін кәсіпқойға – тәуекелмен жұмыс істеу бойынша құзыретті мамандары бар сақтандыру ұйымына ауыстыру арқылы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау тәсілі ретінде көрінеді.

Қазақстан Республикасында, бүкіл әлемдегі сияқты сақтандырудың белгілі бір, оның ішінде міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті сақтандыру нысандары бар.

Ерікті сақтандыру – қолайсыз жағдайларда сіздің мүдделеріңізді қорғайтын сақтандыру. Міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол тек сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы өзара келісім бойынша жасалған шарт негізінде туындайды.

Міндетті сақтандыру – бұл заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру, оның түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.

Сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 21 наурыздағы №38 өкімімен айқындалған.


Міндетті сақтандыру түрлері


Сақтандырушылар бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында (www.gov.kz) орналастырылған.

Осы мақалада біз жасалған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚІ АҚЖ МС) шарттары статистикасын қарастырамыз, өйткені бұл сынып көп таралған болып саналады.

Бүгінгі күнде КҚІ АҚЖ МС-ны 17 сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.

КҚІ АҚЖ МС-ның ерекшелігі сақтанушыны қаржылық залалдан қорғау ғана емес, оның мүліктік мүдделерін қорғау, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу болып табылады. Соңғы 15 жыл бойы бұл сынып сақтандыру нарығында ең қарқынды дамып келеді.

Fingramota.kz «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйымдар) бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштерге шолуды дайындады.

Ұйымдардың соңғы бес жылда активтерінің, меншікті капиталының және сақтандыру резервтерінің серпіні, (млрд теңге)


 

Сақтандыру сыйлықақыларының серпіні

2020 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша міндетті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 3,6%-ға азайып, 53 450 млн болды.


Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі


 

Бұл ретте, сақтандыру объектілерінің қамтылуына байланысты оны жүргізудің міндетті нысаны сақтандырудың осы түрін жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде жетекші орындардың біріне жататынын ескереміз (КҚИ АҚЖ МС – 94%.)


КҚИ АҚЖ МС  сақтандыру сыйлықақылары бойынша үздік 10 ұйым, (%)


Сақтандыру сыйлықақыларының динамикасы (млрд теңге) 

 

Сақтандыру төлемдері

2020 жылдың басынан бастап жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде), сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша 18 715 млн.теңге немесе Ұйымдардың сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемінің 23,5% қалды, бұл 01.09.2019 жылғы жағдай бойынша ұқсас көрсеткіштен 5,6%-ға кем.

Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерінің негізгі үлесін КҚИ АҚЖ МС алады – 96%.

Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдерінің түсуі

КҚИ АҚЖ МС бойынша сақтандыру төлемдері бойынша 10 үздік ұйым
, (%)


Сақтандыру төлемдерінің серпіні  (млрд теңге) 



 

2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша міндетті сақтандыру түрлері бойынша 3,3 миллионға жуық сақтандыру шарты жасалды, оның 95%-ы КҚИ АҚЖ МС бойынша жасалды, бұл 01.09.2019 жылғы жағдай бойынша ұқсас көрсеткіштен 19,0%-ға төмен.

Соңғы бес жыл ішінде сақтандырудың міндетті түрінде көбіне КҚИ АҚЖ МС сақтандыру шарттары есебінен оң өсу серпіні байқалды.

Қазіргі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығы бойынша ҚҚИ АҚЖ МС  бойынша ағымдағы залалды талдау  сақтандыру ұйымдары, көлік құралдарын тіркеу аумағы және сақтандырудың өзге де өлшемдері бойынша залалдың үлкен өзгергіштігін көрсетіп отыр. Бұл ретте  залалдықтың жалпы деңгейі барынша төмен деңгейде сақталып отыр, бұл қолданыстағы сақтандыру тарифтерінің олардың нақты мәнінен ауытқушылықтарын көрсетіп отыр. Сәйкесінше қазіргі сәтте ҚҚИ АҚЖ МС бойынша қолданыстағы сақтандыру тарифтерін қайта есептеу мәселесі өзекті болып отыр. 

Ағымдағы жылғы тамызда заң шығарушылық қызмет мәселелері бойынша ВАК-тың кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және  бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы тұжырымдамасы мақұлданды, бұл сақтандырудың міндетті сыныптарын, оның ішінде КҚИ АҚЖ МС-ны жетілдіруді көздейді.

Атап айтқанда, КҚИ АҚЖ МС тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық тәжірибені ескере отырып сақтандыру тарифтерін есептеу моделін қайта қарау және шығындар негізінде есептелген түзету коэффициентіне байланысты өңірлік бөлікте сақтандырудың икемді тарифтерін белгілеу жоспарлануда.  

Бұдан басқа, көлік оқиғасын рәсімдеу және сақтандыру төлемін алу процесін жеңілдету үшін КҚИ АҚЖ МС бойынша сақтандыру төлемдерін онлайн режимінде жүзеге асыру тетігін заңнамалық тұрғыдан анықтау ұсынылады. 

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -