Түпқараған ауданында 100 орындық провизорлық стационар дайын

8646

Ауданда пандемияға байланысты  денсаулық сақтау саласы бойынша  елеулі жұмыстар атқарылды. Бұрынғы Түпқараған аудандық туберкулез ауруханасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 орынды  провизорлық стационар ретінде дайындалды. Жұқпалы аурулар және балалар бөлімшесі жөндеуден өткізілді, оттегімен қамтамасыз ету үшін   орталықтандырылған 87 оттегі нүктелері орнатылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы  Ақшұқыр  және С.Шапағатов ауылдық дәрігерлік амбулаториясы толықтай  ағымдағы жөндеуден өткізілді. 

 Түпқараған орталық аудандық ауруханасына 2 дана электрокардиограф (ЭКГ), жылжымалы және стационарлық цифрлы рентген аппараттары, балаларға жасанды тыныс беру аппараты (ИВЛ),  СИПАП жасанды тыныс беру аппараты және дефебриллятор аппараттары алынды.

Медицина саласы арнайы  көліктермен де толықтырылды.      

1.Республикалық бюджеттен аудан орталығынан шалғай  ауыл тұрғындарына сапалы  медициналық көмектерді көрсететін жылжымалы медициналық кешен-1 дана. Медициналық кешен  автобус негізінде автономды жылыту құрылғылары мен  кондиционер және де жеті  кабинетпен құрылған. Яғни, жалпы қабылдау кабинеті, жалпы практика дәрігерінің аймағы, талдауларды қабылдау аймағы, функционалдық диагностика кабинеттері, акушер- гинеколог және сәулелік диагностика кабинеттері және зертхана кабинеттерімен жабдықталған.

 Арнайы қорғасын бөлмесінде  қауіпсіз рентген және флюорография жасауға болады, жалпы кабинеттер толықтай жаңа заманауи цифрлық жабдықтармен қамтылған.

Бұл заманауи жылжымалы медициналық кешен   шалғай ауылдардың тұрғындарының аудан орталығына келмей,  скринингтерден өтуге, медициналық тексеруден сапалы қызмет және  тұрғындардың білікті мамандардан сапалы консультациялар алуына қолайлы жағдай туғызып отыр. 

             2. НКОК компаниясының демеушілігімен ауданға 2 дана санитарлық жедел-жәрдем  автокөлік құрал-жабдықтарымен пайдалануға берілді;

             3.   УАЗ автокөлігі -1 дана  демеушілікпен;

              4.«MATIZ» жедел жәрдем көлігі  -1 дана  «Каспий Банк» демеушілігімен алынды.

 Екінші толқынға 20 медициналық қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 5 дәрігер (1 толқын – 95 медперсонал, оның ішінде 11 дәрігер). Оларға жасалатын барлық жағдай мен әлеуметік мәселелері пысықталды.

Ауданда 5 мобильді топ құрылды. Мобильді топ науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Сондай-ақ, олар динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында қадағалайды.

АУДАНДА  50,6 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

 Ауданда   құрылыс саласы қарқынды дамуда. Соның ішінде, қазіргі таңда халықты толғандыратын басты мәселенің бірі – тұрғын үй саласына келсек, 2020 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жалпы көлемі 52,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда. (3 тұрғын үй, 80 пәтер). Бүгінгі күнге дейін,         2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша орындалысы 50,6 мың ш.м.  тұрғын үй қолданысқа берілді. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында:

Форт-Шевченко қаласынан 8 пәтерлік № 9, 10 екі тұрғын үй,

16 пәтерлік бір үй,

 48 пәтерлік бір тұрғын үй  пайдалануға берілді.

Сонымен қатар ,  Форт-Шевченко қаласынан 3 қабатты жалдамалы төрт үй, барлығы 72 пәтердің  жобасы жасақталып оң қорытындысы / №NCKU-0112/18 от 30.11.2018г / алынды.  Мердігер мекеме - « Альянс ЛТД»ЖШС. Жоба құны 617 199  549 мың теңге.  Құрылысы басталды.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында азаматтарға жыл басынан бері 30 жолдама берілген, оның ішінде екінші деңгейлі банктерден қолдау тауып, 15 отбасы баспаналы болды..

БІЛІМ САЛАСЫ

 Жаңа оқу жылында   ауданның білім саласы тағы  бір жаңа  мектеппен толықты. Ақшұқыр ауылының 14 шақырымынан 600 орындық  мектеп жаңа 2020-2021 оқу жылында    іске қосылды.

 «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясындаФорт-Шевченко қаласындағы Есбол Өмірбаев атындағы орта мектепке күрделі жөндеу

/қабырғалар түгел сырланды, есіктері түгел ауыстырылды, 3 қабатқа түгел линелиуом ауыстырылды, спортзал, шеберханалардың едендері ауыстырлды, 3 этажға да әжетхана салынды, септиктер ауыстырылды, сыртқы қасбеттері сырланды./ жүргізілді.

Сайын Шапағатов ауылындағы Ғұбайдолла Айдаров атындағы мектеп-лицейге /  ішкі, сыртқы қабырғалары сырланды, есіктері ауыстырылды, линелиум төселді, әжетханалар салынды, мектептің шарбақтары сырланды, аулаға 1 футбол алаңы салынды /ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл мақсатта бюджеттен 86968,0 мың теңге бөлінген.

Бағдарлама аясында  жұмыссыздық есебінде тұрған 51  азамат жұмыспен қамтылды.


Сонымен қатар,  аудандағы білім беру ұйымдарындағы  4 мектепке (М.Горький м/л, Шахта о/м, Е.Өмірбаев о/м, М.Әбдіхалықов м/г) бейнебақылау жүйелеріне жаңарту жұмыстарына9 млн. теңге,5 мектепке / Ж.Мыңбаев м/г, М.Горький м/л, Шахта о/м, М.Әбдіхалықов м/г,З.Баймырзаев о/м/әжетханалар орнату үшін 27 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстары толық аяқталды.

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудан аумағында 25 жоба жүзеге асырылды. Барлық жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Ақшұқыр ауылы бойынша 2,3,5-ші кварталдардағы ұзындығы 4,0 км ауылішілік автомобиль жолдарының орташа жөндеуі,  Нұрбаев және Сахиев көшелерінің су жүйелерін ағымдағы жөндеу, жұмыстары аяқталып іске қосылды.

С.Шапағатов елдімекені бойынша   1-ші кварталдағы ұзындығы 2,0 км ауылішілік автомобиль жолдарының орташа жөндеуі,М. Елубаев көшесіндегі ұзындығы 2,0 км ауылішілік автомобиль жолдарының орташа жөндеуі,  Б. Мейров көшесіндегі ұзындығы 2,0 км ауылішілік автомобиль жолдарының орташа жөндеуі, Н.Есетов көшесіндегі ұзындығы 1,0 км ауылішілік автомобиль жолдарының орташа жөндеуі, 5-ші кварталдағы ұзындығы 4,0 км ауылішілік автомобиль жолдарының орташа жөндеуі  жұмыстары аяқталып іске қосылды.

Қызыл-Өзен ауылы бойынша "Қызыл-Өзен ауылының Сисембаев және Нысанбаев көшелеріне ауылішілік көлік жолдарына орташа жөндеу ұзындығы 950м " жұмыстары аяқталып іске қосылды.

Баутино және Аташ елді-мекені бойынша Баутино селосында Д.Сатимов көшесінде және Аташ кентінде Б.Ақсамбаев көшесінде автомобиль жолдарын салу 2,6 км жасалып, қазіргі таңда жол жиектерінің қорғанымен су ағызатын лотоктарын салынған кейін теңгерімге қабылданып іске қосылатын болады.

Осы бағдарлама аясында жүзеге асқан  тағы бір  жобалар:

1. « Сайын Шапағатов селосында  жаңа тұрғын үйлерді газбен қамту құрылысы/ 6 квартал, 1312 учаске/ 2 кезең » .  Бүгінгі таңда газ құбырларын тарту жұмыстары толық аяқталды.

- орта қысымды жерасты газ құбырларының жалпы ұзындығы-7867,6м;

-төменгі қысымды жерасты газ құбырларының жалпы ұзындығы-45358,0м;

- БГП (блокты газды бақылау пункттері)-10 дана;

Қабылдау актісі жасақталуда. /Енді жеке тұрғындар тарапынан   газ құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде 200 үй бар, қазір солардың 30 үй толық дайын, 40 үйдің  құжаттары қаралып жатыр./

 2.  «Ақшұқыр селосынан С.Шапағатов селосына дейін қосымша 110/10кв – ЭТЖ құрылысы» . Мердігер – «Айком ЛТД» ЖШС.

- 10 кв-ЖТК( шкаф) жинақталған тарату құрылғысы-1 жинақ;

- 10 кв-СЖТҚ жинақталған тарату пункті-1 жинақ;

- 10кВ кабель желілерінің ұзындығы-2,1 км.

- 10 кВ-ӘЖ әуе желісінің ұзындығы-0,55 км; Құрылыс жұмыстары аяқталды. Қабылдау актісі жасақталуда.

       Бұл бағыттарда   жұмыспен қамту орталығы арқылы 150  азамат жұмыспен қамтылды.

АУДАНДА АББАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында  Форт-Шевченко қаласы, Ақшұқыр ауылы және Сайын Шапағатов ауылдық округінің теңіз жағалаулары аббаттандырылуда.

 Қәзіргі таңда Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауын аббаттандыру бойынша

  • аумағы 19700 шаршы метр, 14000 шаршы метр жерге брусчатка төселді;
  • жарық шамдары жүргізілді;
  • балалар ойын алаңы-1 дана;
  • 300 шаршы метр жер кәсіпкерлерге арналған алаң жасалды;
  • Сахна -1 дана ;
  • Велодорожка жасалды;
  • Воркаут жабдықтары орнатылуда;Мердігер -«Түпқараған»ЖШС

Ақшұқыр ауылы  теңіз жағалауын аббаттандыру бойынша

  • аумағы 17300 шаршы метр, оның 4000 шаршы метріне брусчатка төселді;
  • 2300 шаршы метр автокөлік тұрағы үшін  астыңғы қабаттағы топырағы  төселді;
  • 2000шаршы метр шағын футбол алаңы мен волейбол алаңы, топырағы төселіп, темір қоршауының бағаналары орнатылды;
  • әжетхана салынды;
  • жалпы алаңының сырты қоршалды;
  • балалар ойын алаңы- 1 дана алынды;
  • жарық шамдары-12 дана орнатылды. Мердігер- «Айком ЛТД»

Сайын Шапағатов ауылдық округі теңіз жағалауын аббаттандыру  бойынша

  • аумағы 11600 шаршы метр, оның 8600 шаршы метр жеріне  брусчатка төселді;
  • шағын футбол алаңы-1 дана ;
  • балалар ойын алаңы- 1 дана;
  • волейбол алаңы-1 дана жасалды;
  • электр желілері тартылды;
  • су құбыры жүргізілді;
  • қоршаулары жасалуда.Мердігер- «АмиранОйлСервис»ЖШС

Сондай –ақ  Форт-Шевченко қалсында  қос қабатты  10 тұрғын үйге  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Тұрғын үйлердің қас беттерін сырлау, шатырлар жөндеу, салу жүргізілді.  Бұл бағытта  жұмыспен қамту орталығы арқылы 31 азамат жұмыспен қамтылды. Мердігер мекеме – «Оңдасын Строй»ЖШС

«АУЫЛ- ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылы Ақшұқыр ауылынан жалпы ұзындығы 12,1 шақырым болатын жоғарғы және төменгі бөлігі деп аталатын екі жобаның құрылысы басталып, биыл  толық аяқталатын болады.  Жоба құны 512,4 млн теңге.

Ақшұқыр селосының 13 көшесіне / Сәрсенов, Ақжол, Айдаров, Қожашева, Қожабергенов, Бесқожаев, Үштерек, ЖаңаҚоныс, Бегей, Е.Аманов, Б.Сахиева, О.Нұрбаев ,Т.Кезбаева/ ,орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 90 пайыз қаражаты бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жоба құны -421,0 млн теңге.

Сондай –ақ ,Қызылөзен ауылына кіреберіс 9 шақырым, Таушық ауылына кіреберіс 3 шақырым жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

ТҮПҚАРАҒАНДЫҚТАР КӘСІПТЕРІН АШУДА

 2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша Жаңа бизнес идея жоспарын іске асыру мақсатында 55 /елу бес/ Түпқарағандыққа  30 558 000 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік Грант берілді. Оның ішінде аз қамтылған отбасы-3, мүгедектігі бар азаматтар-5, көп балалы Ана-10, жастар-21. Грант алушылардың 95% «Бастау-бизнес» жобасының қатысушылары, 5% АӘК алушылар.

 200 АЕК Грант иегерлерінің бірі-Форт-Шевченко қаласының 1 тұрғыны 2020 жылы «Бастау-бизнес» жобасына қатысып, жаяу жүргіншілерге арналған тас төсеніштер өндіру туралы бизнес-жобасын аудандық Грант  комиссиясына ұсынып, бизнес-жобасы мақұлданды. 555 600 теңге көлемінде Грант берілді. Қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтарын алып, өз ісін бастап кетті, болашақта өндіріс алаңын кеңейтуді жоспарлауда.

Международное информационное агентство «DKNews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews.kz» © 2006 -