Деректер базасы «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының жалпы тарихи-мәдени мұрасына үлесін зерделеу» жобасын іске асыру аясында 2019 жылғы жоба негізінде әзірленген.
Ел тарихына, қазақ мәдениетін, экономикасын, ғылымы мен тілін дамытуға, халықтарды интеграциялау процесіне, бейбітшілік пен келісімді құруға елеулі үлес қосқан, Қазақстанға шынайы төзімділік пен сүйіспеншіліктің эталоны болып табылатын көрнекті тұлғаларды - әр түрлі этностардың өкілдерін анықтауға, зерделеуге және танымал етуге бағытталған бірқатар іс-шаралар қамтылған.
Әртүрлі этностарының көрнекті өкілдерін зерделеу, қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер базасын құру қазақстандық этностардың еліміздің ортақ тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлесінің жаңа қырларын ашады. Сонымен, 2019 жылы XIX-XXI ғғ. кезеңіндегі өнер, мәдениет, қоғам, ғылым, білім салаларының дамуына елеулі үлес қосқан 14 облыс пен 3 қаладан алғашқы 50 көрнекті қайраткерлер, этнос өкілдері: орыстар, немістер, кәрістер, татарлар, еврейлер, ұйғырлар, дүнгендер және т. б. анықталып, электрондық деректер базасына енгізілді.
Ал биылғы деректер базасына бүгінгі күннің батырлары, белгілі дәрігерлер – коронавирустық пандемия кезінде іс жүзінде жұмыс орнында қайтыс болғандардың ішіндегі этностардың өкілдері, олардың ерліктерін оқиға орнынан болашаққа қалдырмай көрсету мақсатында кірді. Сонымен, аймақтық қағидаты бойынша тағы 50 көрнекті тқлға таңдалып, жалпы ағымдағы жылы деректер базасы 100 тұлғаға жеткізілді.
Дереккөз: ҚХА