Ұлттық волонтерлік желі корпоративтік волонтерліктің оң тәжірибелерін зерттеу бойынша қорытынды конференциясын өткізді

24574

25 қарашада Ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы корпоративтік волонтерліктің оң тәжірибелерін зерттеу қорытындылары бойынша конференция өткізді.

Корпоративтік волонтерлік қызмет - компанияның өзі де, сол сияқты бөгде үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ), өзге де институттар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы мақсатқа бағытталған әлеуметтік іс-шараларға қызметкерлерді ерікті негізде тарту.

Корпоративтік волонтерлік - бұл ұйым қызметкерлерінің өз компаниясының қолдауымен түрлі әлеуметтік бағдарламаларға ерікті түрде қатысуы.

Аталған зерттеудің мақсаты Қазақстанда корпоративтік волонтерлікті дамытудың оң тәжірибелерін зерделеу болып табылады.

8 ай ішінде Ұлттық волонтерлік желі Қазақстан компаниялары арасында корпоративтік волонтерліктің үздік тәжірибелерін зерттеді. Зерттеуге корпоративтік волонтерлікті дамытуға қатысы бар 100-ден астам түрлі компаниялар қатысты.

Сауалнамаға 400 корпоративтік
волонтерлер, 70 ҮЕҰ өкілдері және корпоративтік волонтерлікке жетекшілік ететін 30-дан астам басшылар қатысты. Бұл қызметке негізінен ірі бизнес өкілдері тартылғаны анықталды. Шағын және орта бизнес іс жүзінде тартылмаған.

Конференцияда келесі сессиялық залдармен қатар баяндама (доклад) ұсынылды:

1. «ТЖ және экологиялық бағыттар корпоративтік волонтерлікте» (Ұлттық волонтерлік желі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, KMG Systems and Services, Өскемен ГЭС, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы, «Эко-Маңғыстау» ҰПУ, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, «таза ойындар» (РФ) сөз сөйледі);

2. «Корпоративтік волонтерліктегі әлеуметтік бағыт» (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Beeline Қазақстан, АЭС УГЭС/ШГЭС, «Назарбаев Университетінің «NU Alumni» Түлектер қауымдастығы» ҚБ, «ТМД елдерінің волонтерлер қозғалысы қауымдастығы» (РФ), «Komanda SOS» волонтерлерді үйлестіру орталығы, «Best for kids» ҚҚ сөз сөйледі);

3. «Холдингте корпоративтік мәдениетті (корпоративтік волонтерлікті) дамыту» (халықаралық тренерлер және кеңесші тренерінің тренингі: Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Qazaq National Product» ЖШС).

«Осы жоба аясында Қазақстанның Корпоративтік волонтерлікті дамытуда қандай кезеңде тұрғанын және келесі сапалы деңгейге өту үшін қандай қадамдар қажет екенін түсінуге көмектесетін баяндама дайындалды.

Зерттеудің қорытындылары мен ұсынымдары мүдделі тұлғаларға пайдалы болады деп ойлаймын. Өйткені бірлескен күш - жігер корпоративтік волонтерлікті дамытуға және Қазақстандағы волонтерліктің жаңа деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді» - деп атап өтті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ.

Шақырылған қонақтар: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, «Рухани жаңғыру «қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ.

Анықтама: «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ - Қазақстанда волонтерлік қозғалысты, волонтерлік бастамаларды және жалпы волонтерлікті дамытатын, қолдайтын, 2010 жылы құрылған үкіметтік емес ұйым. Ұлттық волонтерлік желінің Қазақстан Республикасының барлық 17 өңірінде (14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала) әріптестік қатынастарда желіге тікелей кіретін 86 ұйымы бар.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -