«На восток от рая» - киелі кітап сюжеттеріне аллегория

11088

«InDJAZ-Co» компаниясы өнегелі қысқа метражды кино түсірмек. «На восток от рая» фильмі Библияда сипатталған адамдардың басты күнәләрі туралы баяндайды. Барлық оқиғаларды авторлар заманауи шындыққа ауыстырып, қазақстандық өмірге бейімдеген.  Мұндай көзқарас Кино орталығының жанындағы Сараптама кеңесіне ұнаған. Жоба Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінің жеңімпазы атанды.

Картинаның сюжеті кең далада өмір сүретін қарапайым шопандар отбасының айналасында өрбиді. Әкесі, анасы және 16-17 жастағы Қайыржан мен Әділжан есімді балалары. Отбасында болып жатқан бірқатар жағдайлар Қайыржанды әкелері оған қарағанда ағасына көбірек көңіл бөледі деп ойлауға мәжбүр етеді, тіпті Қайыржан қызғаныштан қатты зардап шегіп, ағасынан кек алғысы келеді. Библия сюжетінде сипатталған Каин мен Авельдің драмасы орын ала ма? Бұл туралы қоюшы-режіссер әрі жобаның авторы Нұрсұлтан Жұмабеков «На восток от рая» фильмінің тұсаукесерін күтуді ұсынып, жасырын қалдыруды шешті.   

«Бұл менің қысқа метражды кино әлеміндегі дебютім, бұған дейін «Пацанские истории» деп аталатын веб-сериал түсіргем. Ал бұл жоба үлкен кинодағы менің тұңғыш авторлық картинам. Әрине, бұл бибилиялық сюжеттерге аллегория болғанымен, біз негізгі авторлық ойды сақтап қалуға тырыстық. Жоба арқылы жеткізетін бірнеше ой бар. Фильм 7 күннен тұрады. Сәйкесінше, біз Авель мен Каин арасында орын алған бірқатар оқиғаларды сипаттаймыз. Оның ішінде, Құдайдың бірінші күнді жаратып, жарықты қара түнектен бөлгені, судың, аспанның және т.б. қалай жаратылғаны туралы айтылады. Ең ауыр 7 күнә туралы сюжет те бар, мысалы, Каинді өз ағасы Авельді өлтіруге мәжбүрлеген көре алмаушылық дегендей, иә, бәрі Библия сюжеттерінің негізінде жасалады».

Қазіргі таңда картина сценарийінің соңғы нұсқасы аяқталған, түсіру локациялары айқындалып, шығармашылық топ құрылып, авторлар дайындық алдындағы кезеңді бастап кеткендері туралы айтты. Пандемияның кесірінен туындаған кедергілерге байланысты, түсірілім келер жылдың көктемінде іске асырылады деп жоспарланған. Режиссердің пайымдауынша, кинофестивальдер картина көрсетілетін негізгі алаңдар болмақ.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -