Анимацияға бағыт алу

9526

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2020 жылғы ақпан-наурыз айларында өткен екінші питчингтің нәтижесі бойынша өндіріске кіріскен жобаларды іске асыру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Кино орталығы бұрын-соңды болмаған жобаларды қолдап, тоқырауда тұрған кино саласының көптеген бағыттарына даму векторын бекітті. Әсіресе, анимациялық киноға көп көңіл бөлінді.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы отандық анимация ұзақ уақыт бойы шетелдік табысты жобалардың көлеңкесінде жүрді. Көрермендер ерекше байқаған жобалардың бірі «Ер Төстік пен Айдаһар» атты алғашқы 3D-мультфильм болды, кейіннен жарыққа шыққан «Күлтегін» мен «Мұзбалақ» атты толықметражды мультфильмдер ілгерілету стратегиясының жоқтығынан қазақстандық прокатта аса көріне қоймады.

Осылайша, отандық мультипликация үлкен экранда көріну мүмкіндігінен айырылып, толығымен телевизиялық форматқа ауысып кетті. Анимациялық кино – өскелең ұрпақтың бойындағы көрермен санасын қалыптастыратын ең тиімді құралдардың бірі екендігін ескере отырып, Кино орталығы қазақстандық анимацияны дамыту мәселесіне көп көңіл бөлді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесі 2020 жылы өткен екінші питчингке «анимация» жанрында тапсырылған барлық өтінімдердің болашағы зор екенін атап өтті.

- Питчинг қорытындысы бойынша, бес анимациялық фильм мемлекеттік қаржылық қолдау тапты, - дейді ҰКҚМО Басқарма Төрағасының өндіріс бойынша орынбасары Айдар Баталов.  Олардың ішінде  «Алтын адам» (Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ), «Кенже қыз» («Адай Продакшн анимациялық студиясы» ЖШС), «Колыбельная» («Dala animation» ЖШС), «Еркетай» («ArtMaral» ЖШС) мультфильмдері және «Караван Историй» («ЫрысыАқҚазақстан» ЖШС)  анимациялық сериалы бар. Бұл анимациялық жобалардың өндірісіне жұмсалатын қаражат мөлшері 1 млрд. 100 млн. теңгеден астам соманы құрайды.

Бұл бағыттың көшін «Еркетай» жобасы бастайды – Khan Comics компаниясының комиксінің экранизациясы. Жобаның іске асырылуын комикстің графикалық негізімен жұмыс жасаған команда қолға алғанын айта кету керек, режиссері Оразхан Жақып және суретшісі Тимур Давлетгиреев.

Еркетай мен оның достарының басынан өткерген шытырман оқиғалары туралы комикстер Қазақстанда ғана танылып қоймай, Орта Азияның басқа да елдерінің балалары мен ересектері арасында өз жанкүйерлерін, сондай-ақ Қытайда оқырмандарын тапқан. Осы деректі ескерсек, толықметражды мультфильм халықаралық прокатқа шығып, толыққанды мультипликациялық франшизаның бастапқы алаңына айналуы әбден мүмкін.

Тұрдыбек Майданның Өмір отын іздеп Хан Тәңірі шыңына аттанатын сақ жауынгерінің хикаялары туралы баяндайтын «Алтын Адам» эпикалық мультфильмінің де мүмкіндіктері аз емес.  

Ойын-сауық қызметінен басқа, экшн-фэнтези жанрындағы жоба қазақстандық көрермендердің өз елінің тарихына деген қызығушылығын оятуы тиіс, ал басты кейіпкер, авторлар ойластырғандай, өз халқына деген адалдықты, ерлік пен айбындылықты бейнелейтін болады.

«Караван историй» мультсериалының авторлары да білім беру бағытын қамтиды, оны Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін қиял-ғажайып саяхаты ретінде, қазіргі заманғы технологияларды ежелгі дәстүрлермен және сиқырмен үйлестіре отырып көрсетеді.

Кино мен мультипликациядағы мықты кейіпкерлерді репрезентациялайтын әлемдік үрдіске сүйене отырып, «Адай продакшн анимациялық студиясы» компаниясы «Кенже қыз» жобасын ұсынады. Онда өзін елемейтін ағаларын таң қалдырамын деп ежелгі жынмен шайқасқа түсетін кішкентай қыз туралы баяндалады.

Фестивальдік жетістікке жетуді көздейтін авторлық анимацияға келетін болсақ, бұл бағыттың осы жолғы қатарын «Колыбельная» атты қысқа метражды мультфильммен  Dala animation компаниясы тәмамдайды.  Жобаның авторлары бірегей стилистикамен таң қалдырамыз деп уәде беруде.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -