Еуразия, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс өңірлері бойынша қауіпсіздік пен энергетика саласындағы халықаралық қатынастар жөніндегі танымал америкалық сарапшы Ариэль Коэн мен Орталықтың ғылыми қызметкері Джеймс Грант әзірлеген «Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялар: қатысушылары мен драйверлері» тақырыбындағы Салық салу мен инвестициялар жөніндегі халықаралық орталық (ITIC) баяндамасының презентациясы өтті.
Баяндама авторлары Орталық Азия елдерінің әлеуеті мен оларға төнген ықтимал қатерлерге сараптама өткізіп, олардың бұдан әрі өсіп-өңуі мен экономикалық тұрақтылықтың ұлғаюына жан-жақты баға берді.
А. Коэн кредит алуға қол жеткізуді, шекаралық сауда рәсімдерінің, салық және кеден тәртібін жеңілдетуді, миноритарлық акционерлердің құқығын күшейтуді қамтитын өңірлік трансформация процессіне Дүниежүзілік банкі бағдарламаларының айтарлықтай үлесін атады. Біріншіден Қазақстанның, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанның Doing Business-2020 рейтингінде өткен жылдарға қарағанда жайғасымдарының жақсаруына назар аударылды.
Сарапшылар шикізат секторының үлесін қысқартып экономиканы әртараптандыру, коррупция деңгейін төмендету және адами ресурстар мен азаматтық инфрақұрылым саласына инвестиция тартуды көздейтін бағытты жалғастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын таныстырып, Қазақстан-Америка сауда және инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әрі қарай дамыту бойынша көзқарасымен бөлісті.
А. Айдаров ITIC сарапшыларына Орталық Азия өңірінің сауда және экономикалық мәселелеріне танытқан қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық саясатының іске асыру басымдықтары мен іс-шаралары, оның ішінде стратегиялық инвестициялық келісімшарт сияқты жаңа құралы туралы ақпаратты жеткізді. Министрдің орынбасары америкалық инвесторларды екі ел арасындағы ынтымақтастықтың инвестициялық әлеуетін тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы, азық түлік қауіпсіздігі, көлік пен логистика тізбектері, цифрлық технологиялар және өзге салалар шеңберінде екіжақты жобаларға қатысуға шақырды.
Аталған іс-шараға Американың жетекші компанияларының, сараптамалық пен ғылыми қауымдастығының 100-ден астам өкілдері қатысты. Презентация қатысушылары екіжақты ынтымақтастықтың түрлі мәселелерін талқылап, айтарлықтай әлеуетіне орай өңірдің келешекте маңызды сауда-экономикалық хабқа айналуына қажет мүмкіндіктердің бар екенін атап өтті.
Салық салу мен инвестициялар жөніндегі халықаралық орталық (ITIC) 1993 жылы дамушы мен өтпелі экономикалық елдердің инвестициялық ортасын жақсартуға бағытталған салық реформалар мен мемлекеттік меншік бастамаларды ілгерілету мақсатында құрылған дербес, коммерциялық емес және білім беру ұйымы болып табылады. ITIC салық салудың және инвестициялық саясаттың алдынғы тәсілдер мен тәжірибе туралы ақпаратмен алмасу орталығы.