КІАҒЗИ эласто- және стеатометрия жүргізуге мүмкіндік беретін Hitachi Аloka Arietta бірегей УДЗ аппараты пайдалануға берілді

9449

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында инвазивтік емес эласто және стеатоометриямен қосымша функционалдық диагностика жасау мүмкіндігі бар Hitachi Аloka Arietta бірегей УДЗ аппараты пайдалануға берілді.

Эластометрия бауырдың зақымдану деңгейін дұрыс бағалауға және ауруды болжауға, бауырдың созылмалы диффуздық ауруларының динамикасын, яғни гепатиттің өршуі мен оның циррозға ауысуын бақылауға, бауырдағы онкологиялық ошақты анықтауға, сонымен қатар шектеулері бар бауырдың қажетсіз биопсиясын жасатпауға мүмкіндік береді. Биопсия жасаған кезде бауыр паренхимасының тек аздаған бөлігі зерттеледі, фибротизация деңгейі субъективті түрде анықталады, пациент үшін жайсыздықтар туындайды, асқыну қауіптері пайда болады және қарсы көрсеткіштері бар.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының функционалдық, ультрадыбыстық және сәулелік диагностика бөлімшесінің УДЗ дәрігері Зульфия Рахимованың айтуынша, жаңа әдіс пациент үшін өте жайлы, себебі ол еш жарақатсыз және қауіпсіз жасалады, зерттеу жүргізуге оның кері көрсеткіштері жоқ, балаларға қолданылады, пациентті алдын ала тексерудің, дайындаудың, стационарда жатуының қажеті жоқ. Экономикалық жағынан да биопсияға қарағанда арзан.

Зульфия Ниязовна айтып өткендей, тексеруге 10-15 минут уақыт кетеді, нәтижесі пациентке тексерілгеннен кейін бірден беріледі, бауырдың фибросканирлеуі пациентке бірнеше рет жүргізілуі мүмкін, бұл диспансерлік бақылау мен терапияның тиімділігін бақылау кезінде маңызды.

ДДҰ мәліметтері бойынша, адамдардың 30%-ы, яғни жер шарындағы шамамен 2 млрд.адамда бауырдың созылмалы диффуздық аурулары бар. Олардың ішінде В және С гепатиттері дүние жүзіндегі өлім мен мүгедектілік себептерінің «ондығына» кіреді.

Аурудың болжамын анықтау және оған нақты ем тағайындау үшін бауыр фиброзы, стенозын (майланып зақымдану) дер кезінде табу және анықтаудың маңызы зор. Өкінішке орай, бауырдың стандартты емі (АЛТ, АСТ және УДЗ зертханалық әдістері) фибротикалық өзгерістердің дәрежесіне сәйкес келе бермейді. Тіпті фиброздың айқын көріну дәрежесінде де қалыпты биохимиялық көрсеткіштерінің болуы мүмкін.

 Бүгінде фибросканирлеу әдісі «Фиброскан» (соқыр әдіс) аппаратында және заманауи шешім ретінде Hitachi Arietta аппараттарында жасалады.  

 Алдыңғы қатарлы сараптау класының Hitachi Arietta аппараты ең дұрыс диагноз қою және гепато-көрініс алу үшін қажетті тексеріп-зерттеудің барлық кешенін нақты жүргізуге мүмкіндік береді. УДЗ дәрігері зақымдану ошағын ғана емес, сонымен қатар оның құрылымын да нақты анықтайды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -