Мәжіліс сайлауы қорытындысынан кейінгі Қазақстанның саяси-партиялық алаңы: даму бағдары

7546

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) алаңында Мәжіліс сайлауының қорытындысы мен Қазақстанның партиялық алаңының даму бағдарын талқылауға  арналған онлайн-конференцияөтті.

Негізгі спикерлер қатарында:

- Юлия Кучинская, «Nur Otan» атынан ҚР Мәжіліс депутаты,

- Ерлан Смайлов, «Қазақстан Халық Партиясы» атынан ҚР Мәжіліс депутаты,

- Дулатбек Қыдырбекұлы, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы,

- Андрей Чеботарев, «Альтернатива» зерттеу орталығының басшысы,

- Ғазиз Әбішев, саяси шолушы, «Turan Times» АА бас редакторы.

Сараптамалық пікірталас келесі үш негізгі тақырыпқа арналды:

- сайлау қорытындыларын, сондай-ақ Мәжілістің жаңа құрамын бағалау;

- Президент Қ. Тоқаев 2021 жылғы 15 қаңтарда белгілеген өзекті күн тәртібін ескере отырып, Парламенттің жаңа құрамы жұмысының басым бағыттарын талқылау.

- белгіленген саяси реформаларды, сондай-ақ елдің заң шығарушы органының өсе түскен рөлін ескере отырып, елдің партиялық өрісін дамытудың ықтимал сұлбасын айындау.

Конференцияны ашқан Нұрсұлтан Назарбев Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Ерлан Мәдиев «Үш партиялық Парламенттің сақталуын жүйенің белгілі бір орнықтылығының белгісі және қоғамда мемлекеттік бағыттың тұрақтылығы мен сабақтастығына сұраныстың басымдығы деп санауға болады» деп атап өтті.

«Қазақстанның халық партиясының» атынан сөз сөйлеген депутат Ерлан Смайлов партия қызметін трансформациялау процесі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Оның айтуынша, «қоғамда әлеуметтік әділеттілікке, өмір сүру сапасын жақсартуға, ұлттық байлықты әділ бөлуге деген үлкен сұраныс болғандықтан, партияның идеологиялық негізін өзгерту, коммунистік идеологиядан бас тарту жақтаушылар партиясын ұлғайтуға мүмкіндік берді».

«Nur Otan» партиясынан сөз сөйлеген депутат Юлия Кучинскаяның айтуынша, «Парламентке, оның ішінде Мәслихаттарға сайлаудың пропорционалды жүйе бойынша өткізілуі қазіргі саяси партиялардың сапалы дамуы жолында күшті серпін болды». Оның пікірінше, аталған процестер нәтижесінде өңірлердегі партиялардың жұмысы күшейтілді. Бұл тұрғыда билеуші партия үшін «тізімдерді жаңартуға, партияның ішіндегі байланысты нығайтуға, оның мүшелері арасындағы диалог пен өзара әрекеттестікке мүмкіндік беретін праймериздің жүргізілуі ерекше маңызды болды».

Бірқатар сарапшылардың айтуынша, парламенттік оппозицияның мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту парламенттік пікірталастардың айтарлықтай жандануына ықпал ететін оң қадам болады. Осыны ескерген «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев өткен сайлау пікірталастары барысында билік пен үкіметке қатаң сын-пікір білдіргендіктен, оппозицияның рөліне ҚХП партиясы көбірек сәйкес келетінін айтты. 

Елдегі саяси реформалар туралы пікірталасты жалғастыра отырып, саясаттанушы Ғазиз Әбішев: «Парламентке өту шегін 7% - дан 5% - ға дейін төмендету - бұл қоғам сұранысына жауап қана емес, сонымен қатар шағын партияларға келесі Мәжіліске сайлауға түсу үшін тіркеліп, бағын сынап көруге мүмкіндік», - деп атап өтті. Сарапшының пікірінше, партияларды тіркеу критерийлерін одан әрі ырықтандыру таяу болашақта жаңа саяси жобалардың пайда болуын ынталандырады.

Жалпы, сарапшылар өткен сайлау қорытындысы елдегі партиялық жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігін көрсетті деген ортақ пікірде болды. Парламенттің жаңа құрамы, сондай-ақ саяси реформалардың белгіленген бағыты оның одан әрі дамуына және жаңа саяси болмысқа бейімделуіне ықпал етуге тиіс.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -