2020 жылдың қорытындысы бойынша 14 мыңнан астам онкологиялық науқас Алматы онкологиялық орталығында стационарлық ем қабылдады

9933

Алматы қаласында онкологиялық науқастардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 1733-ке артты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 14546 науқасты құраса, 2019 жылы 12813 науқас емделді. 2020 жылғы көрсеткіштер бойынша қатерлі ісіктің ең көп таралған түрі — сүт безі қатерлі ісігі, одан кейінгі орындарда ішек пен асқазан қатерлі ісіктері.

«Алматы онкологиялық орталығының хирургтары аптасына 45-55 ота жасайды. Мәселен, өткен жылы 2514 ота жасалған. Олардың ішінде кеуде қуысы, іш, онкоурология, бас және мойын ісіктеріне арналған оталар бар. Олардың 40% инвазивті, яғни лапароскопиялық жолмен жасалатын оталар», — дейді онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев.

slider image

Бүгінде алматылық мамандар ісікті жою оталарын жасап қана қоймай, анатомиялық ақауларды пластикалық жолмен жоюды жүзеге асырып жүр. Мәселен, былтыр тілдің түбірінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған науқасқа ота үстелінде анатомиялық ақауларды пластикалық жолмен жоя отырып, күрделі ота жасалынды. Оталау бинокулярлық оптика астында 7 сағатқа созылды. Көлемі 20 см болған ісікті дәрігерлер терімен бірге алып тастады. Ота сәтті өтіп, науқас қазіргі уақытта тек сөйлей ғана емес, сонымен қатар өздігінен тамақтана алады.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -