Скринингті тұрақты түрде және уақытылы өту – денсаулық үшін өте маңызды

10307

Ауруларды ерте сатысында анықтау және олардың туындауына әсер ететін қауіпті факторлардың, олардың өршуін алдын алу, халық денсаулығын нығайту үшін Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілген. Ол халықтың нысаналы топтарының, яғни нақты аурулар бойынша белгілі бір жас тобындағы дені сау тұлғалардың жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуді қарастырады.

Скрининг 2, яғни 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және 30 жастан 70 жасқа дейінгі жас санатына жасалады. Балалар кәмелетке толғанға дейін жыл сайын профилактикалық тексеріп-қарудан өтіп тұрулары тиіс.

Тексеріп-қарау ешқандай симптомдар болмаған жағдайда да, денсаулыққа деген сенімділіктің болуы үшін жасалады. Скрининг тегін жасалады. Профилактикалық тексеріп-қарауды қаржыландыру Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысы есебінен іске асырылады, сондықтан скрининг өту үшін сақтандырылушы мәртебесінің болуы қажет.

Соңғы жылдары скринингтік бағдарламалардың кеңеюіне байланысты Қазақстанда қанайналым жүйесінің аурулары, оның ішінде егде және қартайған жаста жүректің ишемиялық ауруларының өсу барысы анықталды. Сондықтан қанайналым жүйесінің ауруларын анықтау бойынша амбулаториялық-емханалық жұмыстардың тиімділігін арттыру қажет. Ең маңызды проблемалардың бірі - қант диабеті ауруына шалдыққандар санының өсуі. Әлеуметтік маңызды аурулар зор экономикалық зиян келтіреді және өмір сүру ұзақтығын төмендетеді. Сонымен қатар, ерте анықтау және диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін кеңінен қолдану қанайналым жүйесінің аурулары және қант диабетінен болатын өлім санының көрсеткіштерін азайтуға мүмкіндік береді.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты тоқсан сайын ересек тұрғындар арасында қанайналым жүйесінің аурулары және қант диабетін ерте анықтау бойынша халықтың нысаналы топтарына скринингтік тексеріп-қаралуына мониторинг жүргізу және оған талдау жасауды жүзеге асырады. 

Өңірлермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Раушан Қабыкенованың айтуынша, республикамыздың амбулаториялық-емханалық ұйымдарының белсенді жұмысының нәтижесінде нысаналы тексеріп-қараудан өтетіндердің саны жыл сайын артып келеді. Осылайша, тек 2020 жылдың 12 айында 1,5 млн. астам адам, яғни тексеруге тиісті тұрғындардың  94%-ы  қанайналым жүйесінің ауруларына қаралды.  Халықтың нысаналы топтарын тексеріп-қараудың нәтижесінде 65 мыңнан астам адамда (4,3%) қанайналым жүйесінің ауруының ерте сатысы анықталды, олардың ішінде 88%-ы диспансерлік есепке алынды. 

«Қант диабетін ерте анықтауға халықтың нысаналы топтарын тексеріп-қараудың жағдайы да осындай. Тек 2020 жылы скринингпен 1,6 млн. астам адам қамтылды, бұл тексерілуге тиістілердің 93%-ын құрайды. Бұл ретте 12 мыңнан астам қант диабетімен ауыратындар (0,78%) анықталды. Олардың барлығын емханалар диспансерлік есепке алып, тұрақты түрде тегін дәрімен қамтамасыз ететін болады» - деді Раушан Қасымовна.

«Скрининг денсаулыққа мониторинг жүргізудің маңызды кезеңі, сондықтан профилактикалық мақсатта оны үнемі және уақытылы өтудің маңызы зор»,- деп КІА ҒЗИ бөлім басшысы өз ойын түйіндеді.


Раушан Кабыкенова

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -