Алматыда театр мәселелері талқыланды

10593

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің қатысуымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Министрлік жанынан құрылған мемлекеттік театрлар мен театр ұйымдарының театр-гастрольдік қызметі республикалық орталығының жалпы отырысы өтті, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.

Сонымен қатар жиынға Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни, Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды, Республикалық неміс драма театрының директоры Елена Бехер, Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Талғат Есеналиев, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Асанәлі Әшімов, Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрының директоры М.Ахмадиев, Қарағанды облысы академиялық музыкалық комедия театрының директоры А.Ибраев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жас көрермендердің музыкалық театрының директоры Асхат Маемиров қатысты.

slider

Басқосуда еліміздегі театрлардың тыныс-тіршілігі, репертуар саясаты, театрлардың гастроль жұмысын оңтайландыру, бір жүйеге келтіру барысы талқыланды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -