![]()
Коронавирустық пандемия бүкіл әлемде әдеттегі өмір салтын бұзды. Бірақ, туындаған қиындықтарға қарамастан, сүйіспеншілікке толы жүректер әлі де өздерінің одақтарын ресми түрде біріктіріп, біріктіргісі келеді, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.
Бүгін, 15 сәуірде Қазақстан қазақ лиро-эпостық жырының кейіпкерлері – Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ұлттық ғашықтар күнін атап өтуде. Дәл осы күні Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің консулдық бөлімінде 26 жастағы Диас Керейбай мен 24 жастағы Мунира Манашова некелерін қиды.
![]()
Бір қызығы, жас жұбайлар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің Ядролық физика кафедрасында бірге оқыған. Бірақ олар Ресейде, қазір жұмыс істейтін Мәскеу облысының Дубна қаласындағы Бірлескен ядролық зерттеулер институтында аспирантурада және магистратурада оқып жүргенде танысады.
![]()
Жастар екі жылдан бері таныс және қарым-қатынастарын ресми түрде ресімдеуге шешім қабылдады. Пандемияға байланысты некелерін Елшілікте тіркеуді жөн көрді.
![]()
"Біз аздап толқып тұрмыз, бірақ жақын жерде достарымыздың, жақындарымыздың бізбен бірге болғанына қуаныштымыз. Бүгін – ертегі күні және нағыз мереке!" – деп мойындады Диас пен Мунира.
![]()
![]()
Белгілі себептермен, үйлену тойларын кейінге шегеруге тура келді. Бірақ ерлі-зайыптылар ол үшін көңілдерін түсірмейді, керісінше, туындаған кедергілер тек сезімдерін күшейтіп, отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас үшін өте маңызды ымыралы шешімдер қабылдау тәжірибесін береді деп санайды.
![]()
Жас жұбайларға бақыт тілейміз!
![]()