8 мамыр - дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамының күні

31889

Қазақстан Қызыл айы – бұл  Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысының бір бөлігі болып табылатын, Төтенше Жағдайлар туындаған жағдайда мемлекетке қатысты көмекші орган болып табылатын елдегі ең ірі гуманитарлық ұйым. Қоғамның басты миссиясы – ТЖ алдын алу және оған ден қою, сондай-ақ адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету. Ақтөбе облысының аумағында қозғалыс өз қызметін 1937 жылдан бастап жүзеге асырып келеді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.



1992 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 3 миллион доллардан астам: киім, тамақ өнімдері, дәрілік заттар, медициналық аппараттар мен бұйымдар және т.б көмек көрсетілді.


 
8 мамыр – Дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамының күніне орай, ҚР Қызыл Ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы өмірлік қиын жағдайға тап болған 25 отбасына 115 мың теңге сомада азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетті, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Ай қоғамын қолдаумен LC Waikiki бутигінен киім сатып алу үшін жалпы сомасы 4 100 000 теңгеге номиналы 25 мың теңгелік 164 сертификат таратты.

Сондай-ақ, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің волонтер-оқытушысы Наменова Гүлсім Жұматайқызы өз еркімен көңіл бөліп, көмек көрсетіп, жылы лебізін білдірді. Ол әрқашан қоғам ұйымдастырған барлық іс-шараларға қатысып жүрді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда ҚР Қызыл Ай қоғамының Ақтөбе ОФ еріктілері қала ішінде орналасқан барлық вакцинациялау пунктінің алдында ақпараттық жұмыс жүргізіп, жаңа коронавирустық инфекция туралы ақпараттық таныстыру материалдарын таратты. Сондай-ақ, қоғам CОVID-19 кезінде қорғану туралы билбордтар мен қаланың қоғамдық көліктерінде бейнеролик ротациясын орналастырды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -