Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9 орынды иеленеді және мұхитқа шыға алмайтын ең үлкен мемлекет. Әлемнің әртүрлі елдерінен келетін туристерге саяхаттауға ыңғайлы кең алқаптар, ормандар, жабайы табиғат парктері және т.б осы елдің ерекшелігі болып табылады. Биыл Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауда, соның қарсаңында ҚР шет елдердегі мекемелері әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда. Жақында сәті түсіп, мен Гонконгтағы ҚР Бас Консулы Р.Ерішев мырзамен кездестім. Оның айтуынша “Жол және белдеу” бағдарламасының аясында Гонконгтағы Қазақстан азаматтарының саны жылдан жылға өсіп келе жатыр және олардың басым бөлігі - Гонконг университеттерінен оқу гранттарына ие болған студенттер. Бұл үрдіс болашақта да жалғасатынына және нәтижесінде біздің жас ұрпақ өздерінің мансаптарын Гонконгтың жетекші компанияларында жалғастыратынына немесе Отанына оралатына сенемін.
Бас Консул өз жұмысын 2019 жылдың екінші жартысында бастады. Оның айтуынша ол ерекше энергиясы бар мегаполис - Гонконгқа алғаш рет келді. Р.Ерішев Бас Консулдықтың ашылу тарихын толығымен айтып шықты. Бас Консулдық 2003 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ашылған. Содан бері Қазақстан және Гонконг екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-қоғамдық ынтымақтастықты кеңейту үсінде. Екіжақты ынтымақтастықтың дамуына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаветың 2006 жылғы ресми сапары қосымша үлес қосып, нәтижесінде Алматы мен Гонконг арасында әуе қатынасын орнату жайында келісімге қол қойылған.
Шынында да, Гонконгта оқуын аяқтаған көптеген Қазақстандық студенттер өздерінің әлеуеттерін Гонконгта да, өз Отандарында да сәтті іске асыруда. Университеттік бір газеттемақала оқығаным есімде, ол сұхбатта Гонконгтағы Қытай университетінде информатика мамандығын оқыған қазақстандық Дархан есімді студент: «Гонконг мені тұлға ретінде қалыптастырды. Шетелде оқу адамды тәуелсіздікке баулайды және оның ой-өрісін кеңейтеді деп бекер айтылмаған, осында келгенімде оған өз көзімді жеткіздім» - деген еді. Дархан өзінің кәсіби біліктілігін дамытып, өзін жетілдіру үшін Гонконгта қалуға шешім қабылдады.
Мен Бас Консулдан туған еліңіздің дала көріністерін сағынасыз ба деп сұрағанымда, ол күлімсіреп, Гонконгтың табиғаты да әдемі екенін атап өтті.
Авторы: Хомер Ию