«Мәдиениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазір би, сурет, домбыра және вокал үйірмелері пилоттық режимде жұмысын бастап кетті. Жақын арада мәдениет үйінің салтанатты түрде лентасын қиямыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров.
38 мыңға жуық тұрғыны бар Басқұдық ауылы үшін бұл үлкен қуаныш. Өйткені бұл - аталған ауылда бой көтерген тұңғыш мәдениет ордасы. Осыған дейін тұрғындар тарапынан да балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мәдени ошақтың қажеттілігі жиі айтылған еді. Басқұдық ауылдық округінен ашылған жаңа мәдениет үйі кем дегенде 150 оқушыны түрлі салаға баулуға қауқарлы.
Аружан Сәкен, Ақтау қаласы