Бейнеулік жас шебер ат әбзелдерін жасайды

11077

Бейнеу ауданындағы Сам ауылында тұратын 22 жастағы Қаршыға Дәлубекұлы ата – бабадан ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнердің ғажайып технологиясын дамытып жатыр-деп хабарлайды Деловой Казахстан Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шебер бала кезінде атасынан ат әбзелдерін тоқуды үйреніпті. Әр тоқым, желдік, терлік,тартпа мен тұяқтығын дизайнымен қонымды етіп жасайды. Оның қолынан шыққан бұйымдарға сұраныс жоғары.

«Атамның ағаш сандықтан бастап әр түрлі бұйым жасағанын, ал нағашы атамның көрікпен қырықтық соққанына қызығатын едім. Ер-тұрманның жабдықтарын өзім қолдан жасаймын. Осы уақытқа дейін 20-ға жуық қазақ ерін жасап шығардым. Қазір түлкі терісін илеп, бөрік тігуді бастадым», деді Қаршыға Дәлубекұлы.



Жас шебер алдағы уақытта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларына қатысып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Аружан Сәкен, Ақтау қаласы

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -