ҚызПУ-да талапкерлерге онлайн кеңес беру қызметі ашылд

19063

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талапкерлерге онлайн кеңес беру қызметі ашылды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан мәлімдеді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Қыздар университетіне түсуші талапкерлер мен олардың ата-аналары Zoom сілтемелері және қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларының байланыс телефон нөмірлері арқылы мемлекеттік грантқа өтініш беру, сауалнаманы толтыру, бакалавриат, магистратура және докторантураға құжаттарды тапсыру туралы туындаған сұрақтарға толық әрі нақты жауап ала алады», – деп атап өтті Жандар Асан. 

Сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен университет жайында да маңызды ақпараттар беріледі.

Онлайн кеңес беру қызметінің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат: 09:00-18:00 аралығы.

Сенбі күні сағат: 09:00-13:00 аралығы.

Онлайн кеңес беру қызметінің байланыс телефондары мен сілтемелерімен сайтының бастапқы бетінен танысуға болады.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -