Настройки
Язык
Тема
Обновление

Балаңыздың таланты ашылсын десеңіз...

993

Құрметті мектеп оқушылары мен ата-аналар! Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 5-9 сынып аралығындағы мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылатын «STEM kids» жазғы мектебіне қатысуға шақырамыз, деп хабарлайды аталған ЖОО-ның баспасөз орталығы, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шара 24-30 маусым аралығында өтеді.

Шара аясында Сіз:

  • Робототехника және компьютерлік бағдарламалау бойынша өз талантыңызды ашуға;
  • Сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерді үйренуге;
  • Қызықты химиямен танысып, тәжірибе өткізуге;
  • Өзіңізге жаңа достар табуға

Мүмкіндік аласыз!

Жазғы мектепке қатысушыларға Қыздар университетінің білікті оқытушылары мен ғалымдары курстар мен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Бір аптаға созылатын жазғы мектепке қатысқандарға арнайы сертификат беріледі.

Ең бастысы – бұның барлығы тегін.

Жас дос, талантыңды шыңдап, біліміңді жетілдіргің келсе мына телефондарға хабарласып, қызықты жазғы мектепке қатысуға мүмкіндік ал!

Байланыс телефондары: +7 701 338 46 56; +7 727 237 01 40.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -