Брюссельде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтті

14982



Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Қазақстан дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Бельгияда тұратын отандастарымыздың қатысуымен қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевқа арналған әдеби кеш өтті.

Шығармашылық кештің арнайы қонақтары әдеби агент, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы мүшесі, «Асыл Отан»  мәдени іскерлік орталығының өкілі Бақтыгүл Маханбетова, Қазақстанның филолог ғалымдары, жазушылары Дандай Ысқақұлы, Клара Қабылғазина, Нұрым Тайбек және басқалары болды. Олар Брюссельге «Еуразиялық кітап форумы және әдеби фестиваліне» қатысу шеңберінде келген.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Айгүл Құспан сөйлеген сөзінде «Абай – қазақ халқының ұлы перзенті, Ұлы Даланың жаны мен мәңгілік таңы. Абай мұрасы ескірмейді, ол уақыттан тыс және барлық шекаралардан тыс болып табылады», - деп атап өтті.

В Брюсселе отметили 175-летие Абая Кунанбаева

Б.Маханбетованың айтуынша, «Абай - Конфуций, Гете, Шекспир және Пушкин. Біздің бүгінгі міндетіміз – әлемдегі барлық адамдарға Абайдың терең ойларын жеткізу және оның баға жетпес мұрасын дұрыс түсінуге көмектесу ».

Іс-шара барысында Қазақстанның филолог ғалымдары Абай мұрасы және оның шығармашылығындағы қызықты деректер туралы да айтты. Ұлы ойшыл Абайдың терең мағынасына толы шығармаларын сапалы аударудың қазіргі проблемалары туралы пікірлер айтылды.

Кездесуде балалар Бексұлтан мен Темірлан Қайырбековтер Абайдың «Күз» және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында Б.Маханбетова Абайдың қазынасы туралы 10-нан астам кітапты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Елшілік кітапханасының қорына тапсырды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -