ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Д.Назарбаеваның Ереванға ресми сапары туралы

7073



Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы А.Мирзоянның шақыруымен ү.ж. қарашаның 14-15 аралығында ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Д.Назарбаеваның Ереванға ресми сапары өтті.

Сапар барысында Д.Назарбаева өзінің армян әріптесі Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен, Президент А.Саркисянмен, Премьер-министр Н.Пашинянмен және оның зайыбы А.Акопянмен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, болу бағдарламасына сай кейбір мәдени-әлеуметтік нысандарға барып қайтты.

А.Мирзоянмен жүздесу кезінде тараптар екіжақты парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегін және парламенттік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылап, ТМД ПАА, ҰҚШҰ ПА, Еуропа Кенесінің Парламентаралық Ассамблеясы және ЕҚЫҰ ПА аясындағы көпжақты байланыстарды белсенді дамытудың маңыздығына назарларын аударды. Бұл тұрғыда біздің тарап ЕКПА-дағы армян тарапы жағынан тобына еліміздің ұстанымдарына қолдау көрсетіп келе жатқандығы үшін ризашылығын білдірді.  Сонымен қатар, екі заң шығарушы органдардың бейінді Комитеттері арасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларында қатынастар орнату, еліміздің аумағында бірлескен кәсіпорындар құрып, бірігіп жасаған заттарын немесе армян экспорттык тауарларын «Хоргос» еркін экономикалық аймақ арқылы қытай нарығына мегзеу мәселесін де талқыға салды.

Кездесудің соңында отандық тарап Ұлттық Жиналысының Төрағасын 2020 жылы Қазақстанға жауап сапарымен келуге шақырды. 

Содаң сон Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасының Ұлттық Жиналысының паркіндегі төрағалар аллеясында ағаш отырғызуға қатысты.

Төрағаның айтуынша, көшеттер біздің елдеріміз бен халықтарымызды байланыстыратын достықты паш етеді.

Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесу аясында, әңгімелесушілер  туризмді, ақпараттық технологияларды, көлік-логистика әлеуеті және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері қозғады. Сенат Төрағасы ЕАЭО елдері кәсіпкерлері мен инвесторларының Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына ашылатын мүмкіндіктеріне ерекше назар аудара келіп, армян кәсіпкерлерін «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптардың «Astana Hub» халықаралық технопаркінің жұмысына шақырды. 

Тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары бойынша бірлескен жұмыс топтарын құруға уағдаласты.

Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездескен кезінде, тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды. Сенат Төрағасы өз сөзінде  қазақстан тарапының машина жасау, металлургия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары және химиялық өнімдер сияқты салаларда экспорт көлемін ұлғайтуға дайындығын атап кетті.

 Мәдени-әлеуметтік нысандарға тоқталсақ, сапар кезінде Д.Назарбаева 2010 жылдан бері Қазақстан Елшілігінің қолдауымен істеп келе жатқан Ереван мемлекеттік университетінде орналасқан Түріктану кафедрасы жанында Қазақ тілі, мәдениет және тарихы орталығымен, оба және қан ауруларына шалыққан адамдар мен балаларға арналған «City of smile» («Город улыбок») қорымен және «Матенадаран» атты ертедегі қолжазбалар Институтымен танысты. 

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -