Қазақстан ДСҰ министрлік конференциясына арналған ақпараттық сессия өткізді

510



2019 жылғы 12 желтоқсан – Женева қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкілдері ұйымға мүше елдер үшін ақпараттық сессия өткізді, оныңбарысында 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтанда жоспарланған ДСҰ-ның алдағы12-ші министрлік конференциясына дайындық мәселелері бойынша толық ақпарат берілді. 

Іс-шарада қазақстандық делегацияны ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарды. Оның құрамына ҚР Сыртқы істер министрлігі және "Астана ЭКСПО-2017 "ҰК"АҚ өкілдері кірді. 

ДСҰ Бас директорының орынбасары Карл Брунер Ақпараттық сессияны ашты, одан кейін Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкіл, Елші Жанар Айтжанова сөз сөйледі.

Өз сөзінде Вице-министр Төребаев Қазақстанда ірі халықаралық іс-шараларды өткізуде айтарлықтай тәжірибе бар екенін атап өтіп, 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитінен бастап ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне дейін Қазақстан аумағында өткізілген барлық ауқымды оқиғаларды жария етті. 

"Астана ЭКСПО-2017 "ҰК" АҚ Басқарушы директоры Руслан Жемков 12-ші министрлік конференциясын дайындаудың логистикалық аспектілері және авиамаршруттар, визалар алу, хаттамалық рәсімдер, қонақ үйлерде орналастыру және көліктік қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, іс-шараға ДСҰ-ға мүше елдер өкілдерінің қатысуы туралы баяндады.

Бұдан басқа, сапараясында ДСҰ Хатшылығының және қатар іс-шаралардың ұйымдастырушыларымен ұйымға бірқатар мүше елдердің өкілдерімен екіжақты кездесулер өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -