Тәжікстандағы Қазақстан медицинасының күндері шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші мамандары көрші елдегі әріптестеріне шеберлік класын өткізеді

7689

Тәжікстандағы Қазақстан медицинасының күндері шеңберінде Душанбе қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова және көрші елдің Республикалық жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығының директоры Джомахон Рахмонов Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

На изображении может находиться: 3 человека, люди стоят и костюм

Тараптар кардиологияға заманауи технологиялардың енгізілуіне, білім мен дағдылардың кең таралуына, бірлескен ғылыми зерттеулердің орындалуына жағдай жасауға; білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибемен алмасуға; ұйым қызметкерлерінің баяндамалары мен ғылыми мақалаларын жариялай отырып конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, шеберлік кластар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.

На изображении может находиться: 6 человек, люди улыбаются, люди стоят и костюм

ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің басшысы, аритмолог дәрігер, жүрек электрофизиологы Роин Реквава «Пациенттің мүддесі бәрінен де жоғары: қазақстандық медицина» панельді сессиясының барысында жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуге арналған имплантталатын қондырғылар туралы айтып берді.

Нет описания фото.

Тәжікстан Республикалық жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығының базасында 20 желтоқсан күні Роин Реквава «Жүрек ырғағының күрделі бұзылысына радиожиілікті аблация жасау» (хирургиялық кесулерсіз жүрек аритмиясын жоғары технологиялық емдеу) тақырыбында шеберлік класын өткізеді.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты аритмологиялық интервенциялық араласуларды жасау жөніндегі жетекші орталықтардың бірі болып табылады. Тек 2019 жылдың 11 айында институтта 800-ден астам, ал 3 жылда  - 2500-ден астам операция жасалды.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят

Бұл ретте, көрші елдерде Медицина күндерін өткізу сияқты шараларды ұйымдастыру республикалардың денсаулық сақтау ұйымдары арасында екі елдің халқына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімді және сапалы болуы үшін өзара әрекеттестікті кеңейтуге, тәжірибемен, инновациялармен және технологиялармен алмасуға мүмкіндік беретіндігін айта кеткен жөн.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят и костюм

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -