Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 27 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында Полиция департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп өткізген "Жаңа жылды салық қарыздарынсыз қарсы алайық" іс-шарасының нәтижесі бойынша бюджетке 16 млн.теңге сомасында берешек өндіріп алынғанын хабарлайды.
Сонымен қатар, осы кезеңде жеке тұлғалардан көлік салығы бойынша берешектің төмендеуінің жалпы сомасы 150 млн. теңгені құрады немесе 3 531 салық төлеуші қарыздарын ерікті түрде өтеген.
Жоғарыда аталған қарыздарды өндіріп алу жөніндегі іс-шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын үнемдеуге мүмкіндік беретін мәжбүрлеу шараларын күтпестен салық берешегін төлеуді сұрайды.
Жылдың соңына дейін салық төлеушілерде өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық бағдарламасын пайдалану мүмкіндігі бар, оның жалғыз шарты салықтар бойынша негізгі қарызды төлеу болып табылатынын қосымша хабарлаймыз.
фото: mediananny.com