Ташкентте Қазақстан Республикасының елшілігінде «Қазақстан - дала мен таулар рухы» көрмесі өтеді

13145


Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі  «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында, ұлттық көркемдік  шығармашылық жобаларын жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттер ынтымақтастығы жөніндегі келісім – музей ісі саласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушылары, Ашхабад 31.05.2019, 2019 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында көшпелі көркемдік көрме өткізеді.  



 Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналған кең ауқымды «Қазақстан – таулар мен дала рухы» көрмесі Ташкент қаласында 2019 жылдың  20 - 24 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінде өтеді. Ашылуы  - 2019 жылдың 20 желтоқсанында, сағ. 11.00-де. 



Көрме музей қорынандағы   ұлттық көркемдік шығармашылықтың ең үздік үлгілерін ұсынады және ТМД көркемдік кеңістігінде қазақстандық мәдениетті кеңінен таныстырып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нығаю факторына қосымша күш береді.  



Экспозицияда музей қорындағы көрнекті қазақстандық кескіндеме шеберлері Абылхан Қастеев, Әубәкір Ысмайылов, Молдахмет Кенбаев, Абрам Черкасский, Айша Галимбаева, Гүлфайрус Исмаилова, Салихитдин Айтбаев, Жанатай Шарденов, Сахи  Романов, Абдрашит Сыдыханов, Тоқболат Тоғысбаев, Қанафия Телжанов, Бахтияр Табиев, Арий Школьный, Асқар Есдаулет, сонымен қатар өзбек суретшілері - Орал Тансықбаев , Бахтиёр Бабаев, Владимир Бурмакиннің туындылары қойылады. 

«Қазақстан - дала мен таулар рухы» көрмесі Қазақстандағы кәсіби көркемөнер мектебінің дамуын 30-жылдардағы реалистік жүйеден бастап, 1990-2000 жылдардағы дәстүрлі, символдық және поэтикалық өнер түрлеріне дейін байқауға мүмкіндік береді. Көрермендер әр түрлі суретшілердің туындыларын тамашалай алады. Ұлттық кескіндеме мектебінің негізін қалаған Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшілері өздерінің талантын 1920-1930 жылдары көрсетті. Олардың шығармаларының негізгі тақырыптары - революциялық өзгерістер дәуірі, жаңа әлемнің қалыптасуы, халықтың тарихы. Экспозицияның негізгі бөлігінде аға буынға жататын суретшілердің жұмыстары қойылады: Әбілхан Қастеевтің «Алматының жаңа ғимараттары», «Медеу мұз айдыны»,  Әубәкір Исмаиловтың «Бес-Шатыр», Қанафия Телжановтың «Композитор С.Мұхамеджановтың портреті», Молдахмет Кенбаевтің «Алма-Ата маңындағы таулар», Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көптеген әйгілі қазақ суретшілерінің алғашқы ұстазы - А.М. Черкасскийдің «Көкнәр» атты туындысы ұсынылған. Сондай-ақ, Айша Галимбаева мен Гүлфайрус Исмаилованың көпқырлы және әрдайым танылатын туындылары көрерменді қызықтыратын болады. Импровизация шабытының шыңында  сомдалған Жанатай Шәрденовтің пейзаждары немесе Абдрашит Сыдыхановтың кескіндеме белгілері көрерменге Қазақстандағы кескіндеме өнерінің тарихындағы жаңа, күтпеген құбылыстарды ашады.

«Қазақстан - дала мен таулар рухы» көрмесінде ұсынылған әр суретші мен олардың жұмыстары өзінің шығармашылық ерекшелігімен танымал деп  айтуға болады. 

Международное информационное агентство «DKNews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews.kz» © 2006 -