Әлеуметтік-еңбек саласындағы жағдай: кәсіптік одақтар көзқарасы

7535



ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов ҚРКФ қызметіндегі басты бағыттар, сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік-еңбек саласындағы әл-ахуал туралы айтты.

Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар федерациясы (ҚРКФ) ең ірі қоғамдық ұйым болып табылады. Оның құрамына 2 миллион еңбеккер, 23 республикалық салалық, 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен 18 мың бастауыш кәсіподақ ұйымдары кіреді.

Кәсіптік одақтардың басты міндеті – еңбек қатынастары саласында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету. Мұнда басты фактор – Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

«ҚРКФ төрағасы ретінде үш айда мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Түркістан облыстарын, сонымен қатар, Шымкент пен Алматы қалаларында болып, өңірлердегі еңбек саласындағы жағдайды өз көзіммен көріп қайттым. Кәсіподақ ұйымдарының мүшелерімен, еңбек ұжымдарымен және өңірлердің әкімдерімен кездесулерде біз мұнайшылардың, кеншілердің, педагогтар мен медицина қызметкерлерінің мәселелерін талқылап, еңбеккер халықтың еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін қарастырдық», - деп мәлімдеді Ералы Тоғжанов.

Осы орайда ол ҚРКФ қызметіндегі негізгі бағыттарды, яғни тиімді әлеуметтік әріптестік, еңбек даулары мен кикілжіңдердің алдын-алу және шешу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ұжымдық шарттарды енгізу, кәсіби аурулар қаупін азайту, заңнаманы жетілдіру, қарызды еңбекті қолдану мәселелерін реттеу, ҚРКФ әлеуметтік жобаларын насихаттау және халықаралық әріптестікті нығайтуды атап өтті.

Әлеуметтік әріптестіктің тең құқылы қатысушысы ретінде Кәсіподақтар федерациясы Үкімет және жұмыс берушілермен бірге елімізде тиімді әлеуметтік-еңбек қатынастарын қалыптастыру бойынша келісілген стратегияны жүзеге асыруда.

Әріптестік негізі – ҚР Үкіметі, республикалық жұмысшылар бірлестіктері мен республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісім, сондай-ақ 21 салалық және 17 жергілікті келісім.

Еңбек даулары мен кикілжіңдер туралы сөз қозғағанда, ҚРКФ басшысы көп жағдайда еңбек даулары бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылмаған кәсіпорындарда орын алатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылы еңбек дауларына қатысты оқиғалар санының артқанына тоқталып өтті. Соңғы 3 айдың ішінде 18 ұжымдық еңбек дауы тіркелген. Мәселен, Маңғыстау облысында – 7 жағдай, Алматыда – 5, Ақтөбе облысында – 2 оқиға орын алған.

Еңбек даулары көп жағдайда төменгі жалақы; шетелдік және отандық жұмысшылар арасындағы жалақыда диспропорция; жұмыс берушілердің жұмысшылар талабын ескермеуі, әріптестіктен және өзара тиімді шешімдерді қарастырудан бас тартуы; еңбек саласы және кәсіподақ қызметі жөніндегі қолданыстағы заңнаманың кемшілігі салдарынан орын алады. 2018 жылы ҚР Жоғарғы сотымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, мұның аясында аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері базасында 17 Татуласу орталығы құрылды.

Осы жылы татуласу орталықтарында 1700 медиациялық рәсімдер өткізілді, олардың ішінде 1583 жуық еңбек дауы оңтайлы шешілді.

Еңбек даулары мәселелері 23 қарашада Қостанайда Республикалық үшжақты комиссия және 26 қарашада Үкімет отырысында қаралды. Нәтижесінде Үкімет мүшелеріне ҚРКФ-пен бірге жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылу фактілері бойынша алдын-алу шараларын қолдану арқылы өңірлерде әлеуметтік-еңбек жағдайына, еңбек қауіптері картасы негізінде еңбек дауларының туу қауіптеріне күнделікті мониторинг жүргізу туралы тапсырма берілді. Біздің орталықтардың жұмысы Үкіметте қолдау тапты, және Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс орындарында Федерацияның медиация бойынша жұмыс тәжірибесін тиімді қолдануды тапсырды.

Федерация төрағасы өндірістік жарақат мәселелеріне айрықша тоқталып өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1215 адам зардап шегіп, олардың 148-і қаза болды.

Бүгінде кәсіподақтардың бастамасымен барлық өңірлерде «Қауіпсіз еңбек» жергілікті бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Республика бойынша кәсіпорындарда 15 мың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер жұмыс істейді, олардың 95%-дан астамы кәсіподақтардың бастамасымен құрылды. Сонымен қатар кәсіподақтардан 18 810 техникалық инспекторлар осы мәселе бойынша қоғамдық бақылауды жүзеге асырып жатыр.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -