Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өз мәресіне жетті

15708

Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубындаҰлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат аяқталды.

Аталмыш турнир ҚР ҚК XVII спартакиадасы аясында өтті. Турнирге 14 командадан 109 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.

Шараның ашылу салтанатына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов қатысты.

«Заманауи қоян-қолтық ұрыс– бұл жекпе-жек түрі ғана емес, сонымен қатар әлемдік жекпе-жек түрлері арасында функционалдық элементтерді біріктіретін қорғаныс және шабуыл тәсілдерін оқытудың әмбебап жүйесі. Қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыс әлемде жауынгерлік жекпе-жектің қарқынды және жылдам дамып келе жатқан түрі болып саналады.  Қоян-қолтық ұрыс күресушілерінің жан-жақты дайындығы, жекпе-жек көріністері, сондай-ақ сенімді қорғанысы менжабдықталымы жаңа спорт түрін әлемге танымал етті", - деді генерал-майор М.Бектанов.

Аталмыш турнирде жалпыкомандалық есепте 9 салмақ дәрежесі бойынша 14776 әскери бөлімінің командасыжеңіске жетсе, екінші орынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командасы жайғасып, Десанттық-шабуылдаушы әскерлері командасы жүлделі үшінші орынды иемденді.

Әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша 55 келіге дейін Аман Шақитов (14776 ә/б), 60 келіден бастап 65 келіге дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері Архат Баяхметов пен Думан Қабылқаев, 70 келіге дейін Десанттық-шабуылдаушы әскерлері командасынан Олжас Ержан, 75 келіге дейін Құрлық әскерлері әскери институтынан келген Әлібек Қадыр, 80 келіге дейін Бахтияр Қожахметов (14776 ә/б), 85 келіге дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан Болатхан Маханбетхан, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Арман  Ерменбет (14776 ә/б), 90 келіден жоғары дәрежеде «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан Жасұлан Мүсіркенов жеңіс тұғырынан көрінді.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -