2020 жылдың 8 ақпан айында сағат 12:00-де № 54 мектеп-лицейінің мәжіліс залында Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері және «Болашақ» бағдарламасының түлектері «Біздің біліміміз - біздің елге» жобасы аясында ерікті-оқушылар үшін мансаптық бағдарлау бойынша алғашқы дәрісті өткізді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстанда еріктілер жылы деп жариялады. Осы бастаманы қолдау үшін «Bolashaq» Қауымдастығы «Біздің біліміміз - біздің елге» атты жобасын жүзеге асыруда, оның мақсаты қалалық және ауылдық мектептерде, жоғарғы оқу орындарында ашық сабақтар мен дәрістер жүргізу арқылы жас ұрпақпен білім мен тәжірибемен бөлісу болып табылады.
Еріктілер Жылында «Bolashaq» Қауымдастығы ПКР-нің мүшелері мен бірлесіп, шакырылған дәрісші ретінде бүкіл Қазақстан бойынша жастардың кәсіби жолын таңдауға көмектесу, алған білімідерімен және тәжірибиесімен бөлісуге жоспарлынып отыр. Жоба тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.
Президенттік кадрлық резервінің мақсаты - жастар үшін ашық әрі тиімді саты құру. Оның құрамына әр түрлі кәсіптің 300 жастары, оның ішінде 92 «Болашақ» бағдарламасының түлектері кірді.
Дәріске 10 спикер қатысты, олардың ішінде:
- «Bolashaq» Қауымдастығының мүшесі, бизнес-орталықты басқаратын Ұлықбек Киманов;
- Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтының PhD докторы Зульфия Сүлейменова;
- ҚР ИИДМ жанындағы «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Талант Омарбеков;
- Лаура Демесінова - «Bolashaq» Қауымдастығының атқарушы директоры және басқалар.
Президенттік кадрлық резервінің мүшелері және «Болашақ» бағдарламасының түлектері өздерінің кәсіби жолдары және мамандықты дұрыс таңдау, сонымен қатар шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы айтты.
Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен өтті.