Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург, Қазан, Омбы, Астрахань қалаларындағы консулдық мекемелері басшыларының және Қазақстанның Инвестицияларды дамыту қоры (KIDF) жетекшілерінің кездесуі өтті.
Қазақстандық жобаларға ресейлік және шетелдік инвесторларды тарту бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты және бірлескен қызметті дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) қорының негізгі мақсаты - ел экономикасын дамытуға арналған тікелей инвестицияларды тарту.