Қостанай облысында белгілі спортшы Иван Дычко полиция қызметкерлеріне бокстан шеберлік сағатын өткізді.
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко “Динамо” ФСО ғимаратында полиция арнайы бөлімшелерінің қызметкерлеріне шеберлік сағатын өткізді.
– Полиция қызметкерлері, соның ішінде жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері күн сайын жауынгерлік даярлықпен айналысады. Атақты жерлестерімен өткен мастер-класс өте пайдалы және қызықты болды.Өйткені көптеген қызметкерлер спортпен кәсіби айналысады. Жаттығулардан басқа, полицейлер үлкен бокспен шұғылдануды қалады, – деп атап өтті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі Жәнібек Мұхамеджанов.
– Мен өз біліміммен, тәжірибеммен бөліскеніме қуаныштымын, – дейді Иван Дычко.
Полиция майоры Қуаныш Бабақаевтың айтуынша, мұндай тәжірибе алмасу өте пайдалы, ол жеке құрамды түрлі жарыстарға өзі дайындап, спортшы-полицейлердің мүмкіндіктерін жақсы біледі.
– Чемпионмен жаттығудан кейін қосымша мотивация алып, сенімділік пайда болады. Біздің қызметкерлер арасында ел, Азия чемпиондары бар, – дейді жылдам қимылдайтын арнайы жасақ аға инспекторы Саламат Алматов.