Алматы облысының полицейлері жиі кездесетін ұсақ құқық бұзушылықтардың рейтингісін жасады.
“Мүлдем төзбеушілік” қағидатын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының полицейлері ағымдағы жылдың 14 ақпанындағы жағдай бойынша 38 мың 409 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Әкімшілік айыппұл сомасы 190 миллион 935 мың теңгені құрады.
Атауы
- 204-бап (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) -406
- 408-бап (Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзу)- 534
- 434-бап (Ұсақ бұзақылық)-93
- 434-2-бап (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау)-184
- 437-бап (Тыныштықты бұзу)-218
- 440-бап (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу)-1108
- 441-бап (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтыну)-263
- 442-баптың 1,2,3 тармақтары (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы)-595
- 449-бап (Қоғамдық орындарда тиісу) – 213
- 505-бап (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу)-678
- 591-бап (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды пайдалануы)-678
- 592-бап (Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру)-3078
- 593-бап 1 тармақ (Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау)-1897
- 600-бап (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу)-415
- 608-бап (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) 128
- 615-бап (Жаяу жүргiншiлердiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы)-1876