26 наурыздан бастап Алматы қаласында қоғамдық көлік 19.00-ге дейін жұмыс жасайтын болады
Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен, қаладағы қоғамдық көлік сағ. 06.00 мен 19.00 арасында жұмыс жасайтын болады.
Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жоспарлы 95% шығумен штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.